ЛЕКЦИЯНЫ
Ң ҚЫСҚ
АША КУРСЫ
Жетісай-2007
9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
№1 лекция
Тақырыбы: Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи жағдайы.
Жоспары:
1.
Қазақстан жерін отарлау жҧмыстары.
2.
Зар заман ақындары, оның әдеби дамудағы реалистік маңызы.
3.
Халық ағарту ісі.
ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары тӛмендегідей бағытта
жүргізілді: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми
қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық,
ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б . Ресей империясының қазақ елін
отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының
Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).
ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды,
ол ХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда кӛрініс тапты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған
қарулы кӛтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/,
Исатай-Махамбет /1936-1838/ бастаған кӛтерілістер, олар әдебиет шығармаларда
бейнеленді. Бұған дәлдел сол кезеңде шыққан тарихи жырлар.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар
арасында жүргізілді,бұл қозғалыста әдебиеттекӛрініс тапты. Кенесары, Наурызбай
және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге
келді. Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”,
Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай тӛре” дастандары, Досқожа
ақынның “Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны” ӛлеңі, “Кенесарының ӛлеңі”,
“Кенесары жырының бірнеше ауызы” атты халық ӛлеңдері, т.б.
Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші
жартысында күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан
хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы кӛтерілістер туындады: Есет
батыр /1853-1859/, Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы,
1867, 1868, 1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының
кӛтерілістері туралы тарихи жырлар дүниеге келді.
Зар заман әдебиеті.
Күні бүгінгі шейін зар заман ақындары тӛңірегінде айтылып жатқан жайлар аз
емес.1932жылы С.Сейфуллин қазақ әдебиетінің тӛңкеріске дейінгі тарихын екі
дәуірге бӛлді. 1. «Билер дәуірі», 2. «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит
Мұқанов Шортанбай дәуірін « зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді.
Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты
пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты
ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп ӛткен дәуірі болды.
Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс
отаршылығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп
атауды ұсынды.
Мұхтар Әуезов 1927 жылға «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман
ақындары» атты зерттеуінде зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, кӛтерген
мәселелері қандай дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Ол зар заман ақындары
деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. М.Әуезов жүйелеуіндегі
«зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:
1.
Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?
2.
Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?
3.
Барлығының басын қосатын күй қайсы?
4.
Кӛпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?
Бұл еңбекте М.Әуезов заман сарына терең үңіледі. Барша ерекшелік, ӛзгешелігін
қамти айтады. Біздің, зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан
бергі ӛмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М.Әуезов атап беріп отырған, орыспен
арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет.
Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде , тарихтың
белгілі бір беті ретінде кӛрінген тұсты бар сипат-ӛзгешелігімен тұтас қабылдап, оның
әдебиетке түскен кӛлеңкесін кӛрсету.
Зар заман ағымына :М . Әуезов ХІХ ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді:
«Бұқар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар заман ақындарының басы-Махамбет.
Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буын
Абаймен тұстас ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері-қожа,
Ығылмандардың заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап,
ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады.М. Әуезов жүз
жылдық әдебиетті үш кезеңге бӛліп, әр уақыттың ӛзіндік ерекшелігін, ортақ сарын
аясындағы ӛзгерістерін атап-атап кӛрсетіп отыр.
1.
Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны-Бұхар заманы.
2.
Ісшілдік- Махамбет.
3.
Дін мен мәдениет-Ыбырай.
Ресейдегі капиталистік қарым – қатынастардың дамуы Қазақстандағы табиғи
байлық шикізаттарының кӛздерін игеруге ықпалын тигізді. Сауда-саттық кеңінен
дами түсті. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелер
ашылып, олар қазақ ӛнерінің кең танылуына ӛзіндік септігін тигізді.
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент,
Қазан, Ӛфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ
оқығандары ағартушылық қызмет жасады.
Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындары /4-5
кластық қалалық училищелер, орыс – қазақ мектептері, гимназиялар/ Омбыда,
Семейде, Ӛскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде
ашылды.
Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын
зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты болды: ең бастысы – патшалық ӛкіметтің
отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық
империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин,
П.П.Семенов-Тянь-Шаньский,
В.В.Григорьев,
А.П.Рычков,
П.С.Паллас,
Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектерінің отаршылық ниетке
негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік ӛркениетке таныстырудағы
ғылыми маңызы бар.
Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер:
В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6. Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
7. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. (ХҮ-ХІХ ғасырлар) –А. 1993
Достарыңызбен бөлісу: |