Тарихи ӛлеңдердің ішінде баспаға шыққан ірі ӛлеңнің бірі «Кенесары-
Наурызбай» жыры. Бұл да барлық тарихи жырлар
сияқты белгілі дәуірдің
туғызған әңгімесі.Кенесарының қайғы, ӛкінішімен біткен жорығы, қазақ
баласының
барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып кӛп жайылған. Бұл
жырдың кӛп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе- Кесесары ісінің ӛзге
батырлардың ісінен әлде қайда кӛлемді оқиға болғандықтан туады. Кенесары
қазақ елінің ескіден қадірлеген Абылай ханның тұқымынан шыққан, ӛзі де
орыс
құлдығына елдің бағынып алып, қиын қыстау заманға келіп қысылған кезінде ескі
еркін күннің ескерткіші сияқты , жоғалған ұжмақ жоқшысы болып шыққан.
Артынан кӛп елді ертіп, қалың кӛптің тілеуіне сүйенгендігінен кӛп жылдай күшті
үкіметтің қолына түспей, қарсылық істеп ӛткен. Сол елден ерекше еңбегі үшін
үш жүздің баласы сол қысылшың аласапыран заманда да хан сайлаған.
Кенесары жорығына қазақ баласының әрбір руы да араласқан. Іспен
араласпаса, сӛз қосып, тілеу қосқан. Үш жүздің
игі жақсысының ауызнда
Кенесары істері кӛп жылдарға шейін қан қыздыратын әңгіме болып жүрген.
Сондықтан Кенесарының ӛз жорығы ғана әңгіме болмай, сол «Кенесары қолында
бірге жүрген батырлардың ішішінде, әсіресе, Наурызбай
ӛмірі
кӛп
жыр
туғызған қызықты әңгіме болған. Қазіргі біз қарастыратын Нысамбай жыры сол ірі
оқиғалардың дәл ішінде болған «Кенесары-Наурызбай» жыры болады.
Бұл жырдың айтушысы қайғылы оқиғаның
қызығы мен қайғысының қалың
ортасында болған, қан майданның ішінен шыққан жортуылшы ақын, қалың
қолдың жыршысы. Шеру тартқан жүрістің, бағытты, қызық жорықтың жыршысы.
Кенесары Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі ӛлең
шығарса
да , дәл Нысамбай жеткен ӛріске жеткен емес. Нысамбай жырында оқушының
кӛз алдында ағып отырған қандай қызулы жанды шындық бар. Бұл ӛлең ақын
қиялының еріккендегі ермегі емес. Барлық сӛзінде сол жорықтың қуанышы мен
қайғыс кеше ғана кӛз алдынан ӛткізген, кӛзі кӛргеннің жаңалығы бар. Кӛп
қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Ӛзі сол оқиғаның адамы.
Сондықтан әңгіме тізуінде жаңылмайтын сенімділік бар.
Нысамбай жырында қырғыз үнемі жазықты болмайды.
Қайта Кәрібоздың
кінәласқан сӛзінде Наурызбайды жеңуі ақынның ерекше әділдігін
білдіреді.Қырғызда кінә аз. Жазығы: «Ежелгі жау болмас» деп Абылай тұқымына
бағынғысы келмегендік. Жалғыз сол кінәсі үшін қырғыз, қазақ қолынан кӛп
зорлық, кӛп қиянат кӛреді. Соның бәрін бадырайтып айтпасы да Нысамбай
бүркемей, жасырмай сездіреді.
Кенесары жырындағы ӛлең
тілі ерекше сұлу, кестелі тіл оқушыға ұтымды,
артынан лепілдетіп ертіп отыратын құрыш қайратты қызу бар. Ақынның жанын
салған қызумен шын сезімін білдірген, міні жоқ. Ұзақ қайғы ӛлеңі болып шығады.
Ӛлең тілі құр ғана ұйқасы мен қызуын қуған сӛз емес, сол
заманның кестелі сұлу,
шешен түрлерінен құралған сом алтындай жұмыр келетін кесек тіл.
Достарыңызбен бөлісу: