Экологиялық факторлар әсеріне организмдер жауабының жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы
бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: бір фактордың әсер ету
күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері
ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Ю.Либихтын «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің
мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы)
организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді.
Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші
факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға
жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең
жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына
байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ
аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең,
биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады (грекше
стенос - тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін
жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген
ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті
жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?
2. Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?
3. Экологиялық фаткорлардың жіктелуін көрсетіңіз.
4. Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?
5. Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз. Адамның ағзаларға және қоршаған
ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?
6. Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?
7. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура, ылғалдылық, тқздылықтың
экологиялық маңызы неде?
8. Ағзалардың жылуға, ылғалдылыққа, жарыққа қатысты экологиялық жіктелуін
беріңіз. Мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы,
2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
12
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,
«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.