ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ
(ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ)
2
ДӘРІС № 1
Тақырып:
Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану –
тұрақты дамудың бір аспектісі
Жоспары:
1.Экология ғылымы, оның зерттеу объектілері мен міндеттері
2.Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы.
3.Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология
4.Экологиялық проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық және саяси үрдістердегі
алатын орны мен ролі
Дәріс мақсаты: Студенттерді экология ғылымының даму тарихымен таныстыру,
эколгогия пәнімен, оның міндеттері және мазмұнымен, нсгізгі әдістерімен таныстыру.
1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланысқан біртұтас
жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортаның күрделі мәселелерін зерттеп және ғылыми тұрғыдан ұсыныстар
жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Ол гректің “oicos-“үй, тұрақ ететін орта, мекенжай” деген мағынаны білдіреді.
Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен
және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым.
Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғьшыми негізі болып саналады .
Экология терминін ғылымға 1861 ж. бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі,
дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель.
Экология ғылымына берілген анықтамалар көп. Э.Геккель экологияға мынадай
анықтама берді. Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі
организмдердің осы ортада басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара
қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланыстарын зерттеу. Ол қоғам өмір
сүруінің маңызды жағдайы ретінде табиғат экономикасын зертейді, сөйтіп ол тек
биологиялық қана емес, сонымен бірге экономикалық факторларды да қарастырады.
Экология организмдер мен ортаның өзара байланыстары және өзара әсерлесуі
туралы ғылым ретінде биологиялық білімдер дамуының белгілі кезеңінде пайда болды.
Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және сонда тұратын барлық ағзаларды
және өмір сүру үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық
процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда, экология - ағзалар мен олардың қоршаған ортаның
арасындағы байланыстары туралы ғылым.
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді
бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе- теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері: организмдердің бір-бірімен қарым-
қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |