Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет3/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

3 кезең -
50 жылдардағы ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі ретінде 
қарастырылатын ”биоценоз” және “экожүйе” түсініктері енгізілген кезең. Осы тұстарда 
ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық 
фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А.П.Шенниковтың “Өсімдіктер 
экологиясы” (1950), Б.Г.Иогансеннің “Экология енгіздері” (1959), Н. П. Наумовтың “ 
Жануарлар экологиясы ” (1963), т.б. еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
4 кезең
- 70 жылдардағы әртүрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар аймақ 
болып саналатын, ал маңызды экожүйе - биосфераның жете зерттелген кезеңі. Экология 
ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде 
монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Ю.Одумның “Экология 
жөне экология негіздсрі” (1975,1986), Р.Риклефстің т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық 
көрген құнды еңбектер қатарына жатады. 
5 кезең
- биосфераның құрылуындағы адамның ерекше ролі жөне оның жауап 
кемшілігі көрінетін соңғы кезең. Бұл - экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы 
экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметгік, экономикалық жағдайлар және 
проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр.



3.Экология бөлімдері. 
Экология зерттеу объектілерінің көлемі бойынша келесі негізгі бағыттарды 
зерттейді. 
1.
 
Аутэкология- особьтар экологиясы. 
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- 
қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының 
әсерін жөне қоршаған ортаға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді. Одан әрі 
зертгеулер тереңдетіліп, биохимиялык, биофизикалық, генетикалық сипат алады. 
Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялык қасиетгері арқылы жалпы түрге, оның 
табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, айнала коршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, 
ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс -әрекеті туралы практикалық маңызына 
жан - жақты сипаттама беріледі. 
2.
 
Демэкология - популяциялық экология. 
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса 
алатын бір түр особьтарының жиынтығы. 
Демэкология популяцияның қапыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын 
зерттейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. Бір түрге 
жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшіліктері, биоэкологиялық құрылымы 
(жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан 
мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер 
қарастырылады. 
3. Эйдэкология
- түр мен оның популияцияларын органикалық дүние дамуының 
жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популияция белгілі бір нақты 
түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэколгия, особь, популияция, түр, биоценоз - биогеоценоз 
(экожүйе) - биосфера денгейіндегі қарым- қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер 
жүргізеді. 
4. Синэкология 
- қауымдастық немесе бірлестік экологиясы. 
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, 
тірі организмдер жиынтығы. 
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен 
қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен 
айналысады, сондықтан оны биогеоценологиялық экология деп те атайды. Организмдер 
бірлестіктерінің қальпггасуы, құрылымы, динамикасы, қарым - қатынастар, энергия және 
зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биоэкологиялық өнімділік пен 
бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан - жақты мәселелер қарастырылады. 
Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар: 
1. Классикалық экология- биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен 
байланыстарын зерттейді. 
2. Ғаламдық экология- биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді. Табиғат 
және табиғи іс - әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік 
өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп - қатер, экологиялық 
апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар, 
т.б.
3. Қоғамдық экология- қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен 
тәуелділікті қарастырады. 
4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогенді 
өзгерістер әсерін зерттейді. Бұл бағыт экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде 
қарастырады.
5. Адам экологиясы адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының 
денсаулығының экологиялық факторларын зерттейді.
6. Қолданбалы экология- агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, 
техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді. 



7.Экологиялык мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау 
мен бақылау жүйесі. 
8. Нооэкология- адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық 
және экологиялық жағдайларды, қарым- қатынастарды бір- бірімен үйлестіре зерттей 
отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл- ойымен шешуді 
қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде экологиядан көптеген пәндер қатары бөлінеді. Олар: популяциялық 
экология, географиялық экология, химиялық экология, өндірістік экология, өсімдік, жануар 
және адам экологиясы. 
Экология ғылымы - келешектің ғылымы және адамзаттың пайда болуы осы 
ғылымның прогресіне тәуелді болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет