5. Тұрақты даму туралы түсінік. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең
таралды. Тұрақты даму дегеніміз - қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ
келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруда қауіпке апармайтын даму түрі.
1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ
Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі
тұжырымы - «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау
орнықты даму үшін - ол қарастырылатын талап - мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен
үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықты.
Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді
экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым- қатынас
жағдайында болуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.
2. Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.
3. Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.
4. Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.
5. Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.
6. Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.
Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы,
2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
ДӘРІС № 2 Тақырып:
Тіршілік орталары. Экологиялық факторлар және олардың қоршаған ортаға әсері 1.Организмдердің негізгі тіршілік орталары. Экологиялық факторлар және оларды жіктеу.
2. Антропогендік факторлар әсерінің өзіндік ерекшеліктері.
3. Экологиялық заңдалықтар. Минимум және толеранттылық заңдары.
Дәріс мақсаты: Студенттерді негізгі тіршілік орталарымен және ағзаларға әсер ететін
экологиялық факторлармен таныстыру, осы факторлардың жіктелуін көрсету, минимум
және толеранттылық заңдары және олардың табиғаттағы әсері туралы білім беру