Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


құмбалшықтар  Қазақстанның далалық және қуаң далалық аймақтарында тараған. Эолды шөгінділер



Pdf көрінісі
бет10/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

 
құмбалшықтар 
Қазақстанның далалық және қуаң далалық аймақтарында тараған.
Эолды шөгінділер
– жел әсерінен қалыптасқан борпылдақ, тау жынысы. Негізінен 
шөл аймағында қалыптасқан. Эолды шөгінділерге эолдық құмды, құмайтты және 
құмбалшықты жыныстар жатады. 
Климат – 
өзінің элементтерімен топырақ құралу процесінің бағытына және 
қарқынына әсер етеді. Меторологиялық жағдайлардың ішінде топырақ пайда болу 
процесінде басты рөлді жауын-шашын, температура және жел атқарады. Топырақ 
ылғалының негізгі көзі және топырақ құнарлылығының элементі – жауын-шашын. Жауын 
суларының бір бөлігі құрлық бетінен буланып атмосфераға қайтса, екінші бөлігі жер бетінен 
ағып өзендерге құияды және ойыс жерге жиналады. Тек үшінші бөлігі ғана топыраққа сіңіп 
өсімдіктер пайдаланатын ылғал қорын жасайды. Топыраққа сіңген су ондағы жылжымалы 
заттарды ерітіп және сілтісіздендіріп, топырақта жүретін әртүрлі процестерге әсерін тигізеді. 
Топырақтың су қорының мөлшері жалпы жауын-шашын, ыза судың мөлшерімен ғана 
анықталмай топырақтан судың булануына, өсімдіктер жамылғысына, ауа температурасына 
байланысты болады.
Ауаның температурасы топырақтағы физикалық, химиялық үгілудің қарқынына және 
биохимиялық процестердің қарқынына тікелей әсер етеді. Температура жоғарлаған сайын, 
топырақтағы барлық химиялық және биологиялық процестер үдеп, химиялық, биохимиялық 
реакциялар тездетіліп, топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігі артады. Ал 
температура төмендесе керісінше процестер бәсеңдейді.
Биологиялық фактор
– топырақ құралу процесіне тигізетін әсері жан-жақты, тікелей 
және жанамалаы болады. Қазіргі топырақтанушы ғалымдар топырақ пайда болудағы ең 
басты, жетекші жағдай биологиялық фактор екенін бір ауыздан мақұлдап отыр. 
Өсімдіктердің топыраққа тигізетін тікелей әсерін келесідей көріністерде байқауға болады: 1. 


Өсімдіктер топырақтың жоғарғы қабатында гумусты заттардың жиналуына қатысып, оның 
құнарлылығын арттырады. 2. Өсімдік қалдықтары топырақтағы микроағзаларға қоректік көз 
болғандықтан тіршілігіне жағдай жасайды. 3. Өсімдіктер тамырынан бөлініп шығатын 
әртүрлі қышқыл қосындылар, топырақтағы өте нашар еритін минералдық заттардың бүлінуін 
үдетіп, топырақ қабаттарында жылжымалы қосылыстардың түзілуіне себептігін тигізеді.
 
Жанама әсері – өсімдіктер тегінің әр тобы ауа райы өзгешеліктерінің (жауын-шашын, 
температура, жылу т.б.) бағытын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет