әсерлерін тигізеді. Тау жыныстары құрамына осы ағзалардың қалдықтары жинақталып, оның
құрамында органикалық заттар шоғырлана бастайды. Осылай дайындалған ортаға жоғары
сатыда
дамыған өсімдіктер қоныстанып, олардың жақсы дамыған тамыр жүйелерінен және
жер бетінде көп мөлшердегі өсімдіктер қалдықтарының әсерінен топырақ пайда болу
процесінің қарқыны үдей түседі. Осы кезеңде топырақ
қабатындағы жәндіктер мен
жануарлардың тіршілік әрекеті де қарқындай түседі, соның әсерінен өсімдіктер мен ағзалар
топырақта органикалық заттардың қорын көбейтіп қарашіріндінің жиналуына жағдай
жасайды. Олардың құрамында өсімдіктердің қоректік элементтерінің заттар қоры шоғырлана
бастайды. Осыған байланысты топырақтың физикалық және басқа да қасиеттері жақсарып.
Құнарсыз тау жыныстарынан бірте-бірте топырақ пайда болады.
Топырақтың
пайда болуы дамуына, байланысты процесстер жер бетіндегі
геологиялық үлкен, биологиялық кіші және биогеохимиялық заттар
айналымдары негізінде
жүзеге асады.
В.А.Ковданың анықтамасы бойынша «топырақтану тұрғысынан
геологиялық зат
айналым деп
жер
қыртысының, магмалық және шөгінді тау жыныстары мен
минералдардың, үгілу қабыршығының, жер бедері
формасының пайда болуына, судың,
қатты заттардың, химиялық ертінділердің жинақталуын жер беті, жер асты суларымен және
эолды жолмен тасымалдануына қатысатын процестерді айтады». Геологиялық айналым
топырақ пайда болу процесіне байланыссыз да жүзеге аса алады. Геологиялық зат айналымы
арқылы тау жыныстары үгіліп, шөгінділеніп топырақ пайда
болуына қолайлы жағдай
туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: