Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет5/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

 
 
 
 
 
 
 



 «Орман топырақтануы» пәні бойынша дәрістердің қысқаша курсы 
 
1-Дәріс 
Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы. Орман 
топырақтануы. Орман топырақтарының түзілу үдерісі және топырақ құраушы 
факторлары 
 
Мақсат: Топыраққұраушы факторлардың топырақ түзудегі рөлін көрсету 
Жоспар: 
1. Топырақ туралы жалпы түсінік, топырақ – ерекше табиғи дене 
2. Топырақтану ғылымының Шет елдерде және Қазақстандағы дамуы 
3 Топырақ құралу үрдісінің жалпы сұлбасы 
4 Орман топырақтары және топырақ құраушы факторлар
1. Топырақ туралы жалпы түсінік 
Жер қыртысының беткі құнарлы қабаты топырақ, оны топырақтану ғылымы 
зерттейді.
Топырақтану ғылымы – топырақтың пайда болуын, құрамын, құрылысын, 
қасиеттерін, пайда болуымен даму заңдылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған орта 
мен байланысын, табиғаттағы маңызын, топырақтың құнарлылығын жақсарту жолдарын 
және қорғау, ауыл, орман шаруашылықтарында тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін 
зерттейді.
Топырақ минералдар мен тау жыныстарының, өсімдіктер мен организмдердің, яғни 
өлі және тірі заттардың қосындысынан тұратын ерекше дербес табиғи дене болып табылады. 
Академик В.И. Вернадскийдің (1863-1945) анықтауы бойынша, әрі тірі, әрі өлі денеден 
құралған.
Топырақтану ғылымының нақты жеке ғылым ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 
соңында В.В. Докучаев, П.А.Костычев және Н.М. Сибирцев қатарлы орыс ғалымдарының 
қажырлы еңбектерінің арқасында қаланды. Топырақты зерттеу барысында В.В. Докучаев 
топырақ табиғаттың басқада туындыларымен салыстырғанда өзіне тән морфологиялық 
белгілері және ерекше қасиеті құнарлылығының бар екенін айтып, топыраққа келесідей 
анықтама берді «Топырақ дегеніміз – жердің үстіңгі қабатында жатқан, қарашіріндімен азды-
көпті мөлшерде боялған, өсімдіктердің және тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің 
өзара қарым-қатынасы әсерінен пайда болған минералды-органикалық жаралынды зат» – деп 
көрсеткен. Сонымен бірге топырақ көп бөлікті күрделі жүйе екенімен де ерекшеленеді. Ол 
қатты, сұйық, газ және тірі бөліктерден құралған. Топырақтың негізгі ерекшелігі, басты 
қасиеті – оның құнарлылығының болуы.
Топырақ құнарлылығы дегеніміз – оның өсімдіктерді қажетті мөлшерде минералды 
элементтермен, сумен, оның тамырларын ауамен, жылумен қамтамасыз етіп, өсімдіктің өсіп, 
өнім беруіне мүмкіндік бере алатын қасиеті. Осы қасиетімен топырақ тау жыныстарынан, 
табиғаттың басқа денелерінен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет