XVIII-ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Европада
топырақ туралы екі түрлі көзқарас пайда болды оның бірі
Агрогеологиялық көзқарас болса,
екіншісі агромәденихимиялық.
Агрогеологиялық
бағытты ұстанушылар (Фаллу, Берендт, Рихтгофен және т.б.)
топырақты тығыздалған, қатты тау жыныстарының үгілу проссецтерінің нәтижесінде пайда
болған, борпылдақ қабаты ретінде қарастырды.
Агро-мәдени-химиялық
бағыттың дамуы А.Тэер, Ю.Либих және тағы басқа
ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты. Бұл бағытты
ұстанған ғалымдар топырақты
тек қоректік заттардың көзі ретінде ғана қарастырды. Тэер өсімдіктердің топырақтағы
органикалық заттармен қоректенуі (гумус теориясы) жайлы гипотезасын айтса, 1840 жылы
Ю.Либих өзінің «Химия в приложении к земледелию и физиологии растений» атты
еңбегінде өсімдіктер топырақтың минералды заттарынан қоректенеді деп көрсетті.
Бұл екі бағытта топырақтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына негіз бола
алмады.
Топырақтану ғылым ретінде Ресей ғалымдарының қажырлы
еңбегінің нәтижесінде
қалыптасып дамыды. 1725 жылы Ресейде Ғылым Академиясының ашылуына байланысты,
Орыс ғалымдарының алғашқы топырақ зерттеу жұмыстары басталды. М.В.Ломоносов
бірінші болып топырақтың дамуы тау жыныстары мен өсімдіктердің өзара әсер етуі
нәтижесінде жүретінін айтты.
XIX-ғасырдың екінші жартысында Ресейдің Европалық бөлігінде агрономдар мен
экономистердің қатысуымен, статистикалық зерттеу әдістемесінің негізінде, салық салу және
астық саудасын дамыту мақсатында жер телімдерін бағалау
бойынша ауқымды жұмыстар
атқарылды. Осы кезеңде К.С. Веселовский, В.И. Чаславский қатарлы ғалымдардың
басшылық етуімен алғашқы топырақ карталары жасалынды.
Бірақ осы кезеңде ғалымдар топырақты тек геологиялық дене ретінде ғана
қарастырды, дегенмен бұл кезең топырақтанудың ғылыми негізінің қалануына үлкен әсер
етті. Кейін 1883 жылы В.В. Докучаев өзінің «Орыстың қара топырағы»
атты еңбегін
қоғағаннан кейін барып, қазіргі топырақтану ғылымының негізі қаланды деп есептеледі.
Қазақстанда топырақтану ғылымының дамуы XX ғасырдың бірінші жартысында К.Д.
Глинка, С.С. Неуструев, А.И. Безсонов, Р.И. Аболин, Л.И. Прасолов, И.В.
Ларин қатарлы
Орыс ғалымдарының еліміздің өсімдіктері мен топырақтарын зерттеу жұмыстары
топырақтану ғылымының елімізде дамуына себепші болды. Осы кезде Л.И. Прасоловтың
басқаруымен 1935 жылы Қазақстан ғалымдары дайындаған Қазақ Республикасының топырақ
картасы дайындалды. Осы жылы С.П. Матусевич, т.б. авторлар дайындаған «Қазақстанның
топырақ жамылғысы» кітабы жарық көрді. Осы еңбекте бірінші рет еліміздің әр түрлі
геоморфологиялық аймақтарының топырақ жамылғысы жүйелі түрде сипатталды.
Елімізде топырақтану ғылымының негізін қалаушы Өмірбек Оспанұлы Оспанов
(1906-1993) болды. Ол 1932 жылы Мәскеудегі К.А. Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы
академиясын топырақтану және агрохимия
мамандығы бойынша бітіріп, КСРО Ғылым
академиясының В.В. Докучаев атындағы топырақтану институтының аспирантурасында
білімін жалғастырды. Ол еліміздің топырақтану ғылыми зерттеу институтының ашылуына,
Қазақстан топырақтарын тың
игеру жылдары ұтымды зерттеуге, топырақтанушы
ғалымдарымыздың ғылыми жұмыстарының әлемдік деңгейге сай жүргізуіне аса зор үлес
қосқан ғалым.
Қазіргі кезде елімізде топырақтану ғылымы ғалымдарымыздың зерттеулерімен одан
әрі дамып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: