Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет17/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Гумин қышқылдары - 
суда аз еритін минералды және органикалық қышқылдарда 
ерімейтін заттар тобы. Молекулалық массасы жоғары, құрамында көміртегінің мөлшері 62%-
ке дейін, қышқылдық қасиеттері аса байқалмайтын қосынды. Сілтілерде ериді, ертіндісінің 
түсі күңгірт қоңыр, қоңыр болып келеді. Қара топырақ, қара қоңыр топырақ типтерінің 
қарашіріндісінде мол болады. 
Гумин 
– ерімейтін, топырақтағы қосылыстардан бөлініп алынбайтын қарашірінді 
құрамындағы заттар тобы. Гуминдер екі типті қосылыстар түрінде кездесуі мүмкін: 
балшықты минералдармен тығыз байланысқан гумусты заттар (балшықты-гумусты гумин); 
анатомиялық құрылысын жоғалтқан және берік компоненттермен, соның ішінде лигнинмен 
байыған жартылай шіріген өсімдік қалдықтары (детритті гумин).


Гиматомелан қышқылдары
– фульво және гумин қышқылдарының орташа 
қасиеттерімен сипатталған гумустық заттар тобы. Олар қоршаған орта жағдайларына 
байланысты гумин немесе фульвоқыщқылдарының құрамына ауысады. 
 
2. Орман топырақтарының органикалық бөлігіне қысқаша сипаттама
Органикалық заттардың топыраққа түсуі және оның ыдырауы әр топырақ типінде 
әртүрлі деңгейде болады. Мысалы, тундралы зонада әр гектарға 1-2 тонна өсімдік 
қалдықтары түсетін болса, ылғалды тропикалық зоналарда оның мөлшері 30-35 тоннаға 
дейін жетеді. Дала зонасының шөптесін өсімдіктерінің топырақта жиналатын қалдығы 
жылына гектарына – 10-20 т. соның ішіндегі тамыр жүйесінің үлесі 40-60% құрайды. Орман 
ценоздарында негізгі органикалық заттар жер бетіндегі түскен қалдықтар ретінде жиналса 
(ағаш жапырақтары, қылқандары, бұтақтары және т.б.), ал шөптесін өсімдіктерде тамыр 
қалдықтары түрінде жиналады.
Орман топырақтарындағы органикалық заттардың (гумус) жиналуына ондағы 
орманның жасы мен түрлік құрамы әсер етеді. П.Е.Соловьевтің зерттеулеріне жүгінетін 
болсақ екпелі ормандардың әсерінен топырақта органикалық заттардың жиналуының өзгеруі 
байқалды. Мысалы, екпелі орман астындағы кәдімгі қара топырақтардың жоғарғы 
қабатындағы гумустың мөлшері 9-13% аралығында болса, ашық алаңдағы кәдімгі қара 
топырақта 9%-дан аспаған, орман екпелері астындағы топырақтың жоғарғы қабатындағы 
гумус мөлшерінің артуын автор, орман төсенішінің қалыптасуы мен ыдырауына байланысты 
деп түсіндіреді.
Орман топырағының негізгі қасиеттері өскен орман типімен тығыз байланыста 
болады. Орман топырақтарының бетінде жапырақтардан, ағаш қабығы мен бұтақтарынан 
және басқа қалдықтардан құралған орман төсеніші қабаты болады. Сондықтан орман 
топырақтарының органикалық заттары тікелей орман төсенішімен байланысты.
Орман төсенішінің топыраққа тигізетін әсері көп жақты. Ол топырақ пайда болуына 
тікелей немесе басқа жанама факторлар арқылы әсер ете алады. Жанама әсеріне орман 
төсенішінің өсімдіктерге және топырақтың микроклиматына әсерін, ал тікелей әсеріне орман 
төсеніші арқылы өткен заттардың топырақ ертіндісіне әсерін айтуға болады. 
Орман төсенішінің ыдырауы топырақтағы органикалық және күлді элементтердің 
жиналуымен сипатталады. Дегенмен, осы күнге дейін орман топырағының қарашіріндісінің 
құрамына орман төсенішінің әсері туралы жеткілікті анықталған мәліметтер өте сирек 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет