Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет16/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

 
3-Дәріс.
Топырақтың органикалық бөлігі және Орман топырақтарының органикалық бөлігіне 
қысқаша сипаттама 
Мақсаты: Топырақтың органикалық бөлігінің құрамы мен топырақ 
құнарлығына әсерін ашып көрсету. 
Жоспар: 
1. Топырақтың органикалық бөлігі туралы түсінік 
2. Орман топырақтарының органикалық бөлігіне қысқаша сипаттама
 
1. Топырақтың органикалық бөлігі туралы түсінік 


Топырақтың 
органикалық 
заттары, 
олардың 
әртүрлі 
күйге 
ауысып 
трансформацияланған бөлігі топырақтың пайда болуына, негізгі қасиетінің қалыптасуына, 
кескін қабаттарының әртүрлі сипатқа ие болуларына, тұрақты құнарлық көрсеткіштерінің 
сақталуына, өте зор әсерлерін тигізеді. Органикалық заттар топырақта биофильді 
элементтердің жинақталуына жағдай жасап өсімдіктердің қоректенуіне тікелей қатысып 
отырады. Топырақта тынымсыз жүріп тұратын процестер органикалық заттардың 
қатысуымен жүзеге асады. Органикалық заттардың топырақ құнарлылығымен байланысына 
адамзат ерте кезден бастап назарын аударған.
Топырақтың органикалық заттарын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары XIX 
ғасырдың бірінші жартысында Германияда (Шпренгель) Швецияда (Берцелиус) Ресейде 
(Герман) жүргізе бастады.
Топырақтану 
ғылымының 
Агротопырақтану 
саласының 
негізін 
қалаушы 
П.А.Костычевтің гумусты заттардың түзілуіне микроағзалардың рөлдерін анықтауға 
арналған терең зерттеулері топырақ туралы ғылымға зор үлесін қосты. XX ғасырдың 
басында топырақтың гумусты заттарын зерттеу химиялық құрамы, түзілу жолдарының 
ерекшеліктерін түбегейлі терең деңгейде жүзеге аса бастады (В.Р.Вильямс, А.А.Шмук, 
С.Ваксман). 
Топырақтың құрамындағы тірі ағзалар, өсімдіктердің, жәндіктердің, микроағзалардың 
қалдықтары мен олардың тіршілік әрекеті өнімдері және топырақ түзілуі барысында пайда 
болған ерекше зат–қарашірінді оның органикалық бөлігін құрайды.
Топырақ құрамындағы органикалық заттардың негізгі басым бөлігі ерекше 
органикалық қосылыс – қарашірінді болып келеді. Орташа есеппен оның мөлшері барлық 
органикалық заттардың 85% құрайды. Ал органикалық заттар құрамына кіретін әлі толық 
ыдырамаған, көзге көрінетін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдықтары оның 10% құраса, тірі 
ағзалар шамамен 5% құрайды. 
Қарашірінді деп құрамы мен қасиеттері әр түрлі, кейбір қасиеті мен құрамдарының 
пайда болу ұқсастығы бойынша топтастырылған құрамында азоты бар жоғары молекулалы 
органикалық қосындылардың қоспасын айтады.
Қарашіріндінің құрамына кіретін заттарды үлкен 2 топқа бөледі. Бірінші топқа 
спецификалық емес органикалық қосылыстар (амин қышқылдары, ақуыз, органикалық 
негіздер мен қышқылдар, сахароза) жатады. Олардың мөлшері қарашірінді құрамында аз, 
жалпы органикалық заттар пайызының бірліктерін құрайды. Ал екінші, негізгі бөлігін 
ерекше зат қарашірінді қосылыстары құрайды. Оның үлесіне жалпы органикалық заттың 80-
90% тиеді.
Қарашірінді қосылыстары ерігіштігіне ажыратып, бөлініп алуына қарай келесідей 
топтарға бөлінеді: фульвоқышқылдар, гумин қышқылдары, гуминдер және гиматомелан 
қышқылдары. 
Фульвоқышқылдар
– жылжымалы, ерігіш қасиеттері суда және басқада ерткіштерде 
жақсы, гумин қышқылдарымен салыстырғанда молекулалық массасы жеңіл және құрамында 
көміртегі азырақ болып келетін қарашірінді құрамындағы заттар тобы. Қышқылдық қасиеті 
айқын сақталған. Ертіндісінің түсі ашық сарғыш түсті. Күлгін, сұр және қызыл топырақтар 
құрамында мол болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет