Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет19/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

 
4- Дәріс. 
Топырақ коллоидтары және топырақтың сіңіру қабілеті 
Мақсаты: Топырақ коллоидтарының құрылысы мен топырақтың сіңіру 
қабілетіне тигізетін әсерін ашып көрсету. 
Жоспар: 
1. Топырақ коллоидтары құрамы, құрылымы және қасиеттері 
2. Топырақтың сіңіру қабілеті және оның түрлері
1. Топырақ коллоидттары құрамы, құрылымы және қасиеттері
Топырақтың ерекшелігі - оның гетерогенді және көп фазалылығы. Оның қатты фазасы 
әртүрлі размерлі кесек (құм, қиыршық) және өте майда (тұнбе, коллоид) бөлшектерден 
тұратын полидисперсиялы жүйе.
Диаметрлерінің размерлері 0,0001 – 0,0200 нм. Топырақ бөлшектерін топырақтың 
коллоидтары деп атайды. Бұл бөлшектердің мөлшері топырақ салмағының 1-2%-нан 30-40% 
құрайды. Қандай мөлшерде кездесетініне қарамастан осы коллоидтар топырақтың 
сорбциялық қасиетінің негізін құрайды. Ішкі және сыртқы иондар қабатымен бірге 
коллоидтық бөлшекті Г.Вигнер мицелла деп атады. Коллоидттар топырақта минералды, 
органикалық және оргоно-минералдық қосындылар түрінде кездеседі. Минералды 
коллоидттарға балшықты минералдар, коллоидты формадағы кремнезем, біржарым тотық 
жатады.
Коллоидтар заряд белгісіне байланысты ацидоидтар және базоидтар деп бөлінеді. 
Ацидоидтар
деп теріс зарядты және ертіндіге H

ионын диссоцияссиялайтын коллоидттарды 
айтады. Бұл коллоидттар қышқылдық қасиеттерімен сиппатталады. Ацидоиттар тобына 
коллоидты кремний қышқылы, гумин қышқылы, фульвоқышқылы және кристалды 
балшықты минералдар жатады. 
Базоидтар
тобына темір және алюминий гидрототықтары 
және белокты қосындылар жатады. Зарядтарын реакция ортасына байланысты (pH) өзгертіп 
тұратын коллоидтарды амфолитоидтар деп атайды.
Органикалық коллоидтарға гумусты және белокты заттар кіреді. Сонымен қатар 
топырақта коллоидтты-дисперсілі полисахаридтер және басқа да қосындылар кездесуі 
мүмкін.
Органо-минералды коллоидтар гумусты заттардың балшықты минералдармен 
қосындысы ретінде кездеседі. Бұл топ құрамы әртүрлі және байланысу формасы күрделі топ 
болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет