Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


 Түйіртпектіліктің агрономиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет22/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

 
1. Түйіртпектіліктің агрономиялық маңызы 
Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның түйіртпектілігі, сулы, ауалы, жылулық, 
жалпы физикалық, физико-механикалық қасиеттері жатады.
Топырақтың әртүрлі размерлі агрегаттарының (көрсеткіштерінің) жиынтығын оның 
түйіртпектері (структурасы), ал әртүрлі формалы агрегаттарға шашылып-бөлектенуін 
топырақтың түйіртпектілігі деп атайды. В.В. Докучаевтің, әсіресе А.П. костычевтің ғылыми 
еңбектерінде топырақ түйіртпектерінің маңызына дұрыс дұрыс баға берілген. Түйіртпектерді 
зерттеуде В.Р. Вильямс жан-жақты жұмыстар атқарған. Топырақ түйіртпектерінің түзілуінің 
теориялық негіздерін дамытқан ғалымдар: К.К. Гедройц, Н.А. Качинский, Н.И. Саввинов, 
П.В. Вершиннин, А.Ф. Тюмен.
Топырақ 
морфологиясы 
тұрғысынан 
түйіртпексіз 
топырақтар 
болмайды. 
Агрономиялық тұрғыдан топырақ түйіртпектілігі оның размерімен, қуыстылығымен, 
механикалық біріктігімен және суға төзімділігі сапасымен анықталады.
Агрономиялық құнды түйіртпектер қатарына размерлері 0,25-10 мм, қуыстылығы 
жоғары (>45%-дан), суға шайылуға төзімді макроагрегаттар жатады. Топырақтың құрамында 
агрегаттардың 3 тобы бөлінеді:
1. ең майда (диаметрі < 0,25 мм) – микроагрегаттар;
2. орта размерлі (0,25-10 мм) – макроагрегаттар;
3. ірі агрегаттар (> 10 мм) 
Топырақтың құрамының түйіртпектерінің басты сипаттамасы – түйіртпектілік 
коэфициенті:
К 
=
С
Б
К – түйіртпектілік коэфициенті
С – макроагрегаттар мөлшері
Б – микроагрегаттар (< 0,25мм) мен ірі кесектер қосындысы
Түйіртпектілік коэффициенті көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, топырақтың 
түйіртпектілігі солғұрлым жақсы болады.
Беріктігі мықты және агрономиялық құнды агрегаттар топырақтың тек беткі 
қабатында жабыстырғыш заттардың рөлін гумин қышқылдары, гуминдер атқаратын беткі 
қабаттарда ғана жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет