Топырақ макроагрегаттары пайда болуда екі негізгі процестерді бөлуге болады:
1. топырақтың механикалық түрде агрегаттарға бөлінуі.
2. суда шайылмайтын агрегаттардың пайда болуы.
Топырақтың механикалық жолмен түйіртпектің пайда болуы оның ылғалдануы және
құрғауы, тоңдануы және еруі, өсімдіктердің тамыр жүйелерінің әсерінен, жануарлар мен
құрттардың, топырақты өңдеу жұмыстарын ауыл шаруашылығы құралдарымен өңдеуде және
физикалық піскен кезінде жүзеге асады.
Топырақ түйіртпектерінің пайда болуында топырақ коллоидттарына коагуляциялық
және цементтеуші әсер ететін физико-химиялық факторлардың маңызы зор. Бөлшектерді
жақсы біріктіретін заттар органикалық коллоидтар әсіресе кальций гуматы. Тек қана
минералдық коллоидтардың қатысуымен пайда болатын топырақтың агрегаттары гумус
қатыспаса суға төзімділік қасиеттеріне ие бола алмайды.
Суға төзімді түйіртпектерді түзуде балшықты минералдар және Fe және Al
минералдарының сулы оксидтерінің маңызы өте зор. Топырақ түйіртпектерінің пайда
болуына өз әсерін әртүрлі суда нашар еритін химиялық қосындылардың (CaCO
3
, темірдің
гидрооксиді, магний сликаты т.б.) топырақ агрегаттарын қанықтырып
оларды цементтеу
және механикалық агрегаттар элементтерін құрастыруы әсер етеді.
Түйіртпектер пайда болуына әсер ететін негізгі факторлар: көп жылдық шөпесін
өсімдіктер мен организмдер яғни биологиялық фактор.
3. Топырақ түйіртпегінің бүлінуі және қалпына келтіру
Топырақ түйіртпектілігі өзгеріп тұратын динамикалық көрсеткіш. Себебі түйіртпектік
топырақтың агрегаттарының механикалық бүлінуінен, физико-химиялық және биологиялық
процестердің әсерінен нашарлайды (бүлінеді).
Топырақтың түйіртпегінің механикалық жолмен бүлінуі жауын-шашынның әсерінен
және ауыл шаруашылық техникалармен топырақты өңдегенде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: