Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


Физико-химиялық процестердің әсері



Pdf көрінісі
бет24/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Физико-химиялық процестердің әсері 
олардың топырақтың түйіртпексізденуіне 
қатысуы алмаспалы иондармен байланысты. Топырақтың сіңіру кешенінде ион алмасу 
кезінде екі валентті катиондармен алмасады. Топырақ ылғалданған кезде коллоидтардың
әсіресе гумусту заттардың пептизациялануы жүріп, түйіртпектердің бүлінуіне әкеліп соғады.
Топырақ түйіртпектілігін орман питомниктерінде жақсартудың жолдары:
- органикалық тыңайтқыштарды пайдалану (көң, компост, сидераттар).
- көп жылдық және бір жылдық шөптер себу.
- топыраққа ауыр техниканың әсерін азайту.
4. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне сипаттама
Топырақтың қатты фазасы негізі әртүрлі жағдайда пайда болған және әртүрлі 
деңгейде майдаланған (дисперсіленген) бөлшектерден тұрады. Топырақтың бөлшектері мен 
агрегаттары бір-біріне қатты жабысып байланыспағандықтан, араларында әртүрлі формалы, 
размерлі қуыстар қалыптасады. Бұл қуыстарда топырақтың ауасы, суы және су булары
микроағзалар кездесетіндіктен, топырақ көп фазалы табиғи дене деп саналады.
Топырақтың физикалық қасиеттері – физикалық процестерге қатысып қана қоймай, 
топырақ пайда болу процестеріне, құнарлығына, өсімдіктердің өсуіне және жетілуіне зор 
әсерін тигізеді. Сондықтан топырақтың физикалық қасиеттерінің көрсеткіштерін реттеу 
жоғары өнімді агроландшафтар қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне Қатты фазасының тығыздылығы 
(сыбағалы, меншіктң салмағы), топырақтың тығыздылығы (көлемдік салмағы) және 
қуыстылығы жатады.
Топырақтың қатты фазасының тығыздылығы
деп 1 см

көлемдегі тек қана қатты 
фазасының граммен өлшенген (қуыстарынсыз) құрғақ салмағын айтады, өлшем бірлігі г/см
3

Ол көрсеткіш топырақтың құрамында кездесетін минералдардың түрлерінің мөлшеріне және 
органикалық заттардың қатынасына байланысты. Топырақтардың қатты фазасы 2,4-2,8 г/см

аралығында ауытқиды. Аз гумусты топырақтардың беткі қабатында қатты фазасының 
тығыздылығы 2,5-2,65 г/см
3
, ал гумусы мол топырақтарда 2,3-2,45 г/см

аралығында 


ауытқиды. Топырақ кескінінің орта және төменгі жағында қатты фазасының тығыздығы 2,7-
2,8 г/см
3
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет