Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет32/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

3. Топырақ ерітіндісі
Топыраққа түскен жауын-шашынның құрамында, еріген заттардың белгілі бір 
мөлшері болады. Оларға: ауа құрамындағы шаң мен атмосферадағы газдарды (O
2
, CO
2
,
N
2

NH
3
, және т.б.), жатқызуға болады. Топырақтың құрамындағы судың кез-келген мөлшері 
топырақ ертіндісі болып саналады, және ол топырақ пайда болуда құнарлығы қалыптасуда 
зор роль атқарады. Топырақ ертіндісі минералдық және органикалық қосындылардың 
өзгерістерге ұшырауына, олардың топырақтың тік кескіні бойы жылжып, шоғырлануына 
үлкен әсерін тигізеді және өсімдіктердің қоректенуіне зор ықпал жасайды.
Топырақ ертіндісінде ионды, молекулалы және коллоидты күйдегі минералдық, 
органикалық және органикалық-минералды қосылыстар мен газдар (CO
2
, O
2
) болады. 
Топырақ ерітіндісінде жиі кездесетін катиондар – Са²
+
, Mg²
+
, Na
+
, K
+
, NH
4
+
, H
+
, AI³
+
, Fe³
+

Fe²
+
және аниондар – НСО
3
¯
, СО
3
²¯
, NO
3
¯
, NO
2
¯
, SO
4
²¯
, CI
¯
, Н
2
РО
4
²¯
және т.б.
Топырақ ерітіндісі қатты және газ бөлігімен тығыз байланыста болады, сондықтан 
оның құрамы мен концентрациясы биологиялық, физико-химиялық процестер нәтижесімен 
анықталады. Аталған үрдістердің бағыты мен қарқыны маусымдық өзгерістерге бағнышты 
болғандықтан топырақ ерітіндісінің құрамы тұрақты болмай өзгеріп тұрады. Топырақ 
ерітіндісінің концентрациясы аса жоғары болмайды, оның әр литрінде еріген заттар он 
шақты миллиграмнан бірнеше грамға дейін жетеді. Ал тұзды, сор топырақтың ерітіндісінің 
концентрациясы жоғары болады. Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы оның 
концентрациясы мен еріген заттардың диссоциациалану дәрежесіне тәуелді болып келеді. 
Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымының өсімдіктер үшін маңызы зор. Егер ол қысым 
өсімдіктердің жасушасы концентрациясының қысымына тең немесе одан артық болса, 
өсімдік тамыры су сіңіруін тоқтатып, қурап қалады. 
Топырақ ерітіндісінің концентрациясы және құрамы оның реакциясының әр түрлі 
болуына ықпалын тигізеді. Топырақ ерітіндісінің реакциясын pH көрсеткішімен сипаттайды. 
Егер pH 7-ге тең болса, топырақ ерітіндісі реакциясы болады, ал 7-ден кем болса, ерітінді 
қышқылдылығымен, ал 7-ден жоғары болса, сілтілігімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет