Су көтеру қабілеті – топырақтың капиллиярлық судың көтерілу қабілетін айтады. Су
көтеру қабілеті агрегаттық жағдайымен, гранулометриялық құрамымен, құрылымымен
анықталады. Қуыстылық неғұрлым жіңішке болса солғұрлым су көтеру қабілеті жоғары
болады. Бұл заңдылық ауыр топырақтарда бұзылады, себебі қылтүтікшелер байланысқан
суға қанық болғаннан кейін, бұл топырақтардың су көтеру қабілеті төмен болады. Ыза судың
минерализациясы су көтеру жылдамдығына өз әсерін тигізеді. Тұзды ыза сулардың көтерілу
жылдамдығы жоғары болады.
Топырақтың су құбылымы деп – топыраққа судың келуін, оның қозғалып
жылжыуын,қабаттарда ұстап тұрылуын және топырақтан кету жолдарын айтады. Топырақ
ылғалының негізгі көзі жауын-шашын және ыза сулар. Су баланысы деп су құбылымының
сандық көрсеткішін айтады.
В
0
+ О
с
+ В
г
+В
к
+ В
пр
+ В
б
= Е
бул
+ Е
т
+ В
и
+ В
п
+ В
с
+ В
1
В
0
– зерттеу алдындағы топырақтағы су қоры.
О
с
– бақылау кезіндегі жауын-шашын мөлшері
В
г
– ыза судан келген ылғал мөлшері.
В
к
– конденсацияланған ылғал.
В
пр
– жер бетінен келген су.
В
б
– бүйіріне аққан су.
Е
бул
– буланып ұшқан су мөлшері.
Е
т
– транспирацияға кеткен ылғал.
В
и
– инфильтрацияға кеткен ылғал.
В
п
– жер бетінен ағып кеткен су.
В
с
– топырақтың ішіндегі аққан су.
В
1 –
бақылау соңындағы ылғыл.
Су құбылымының типтері: Г.Н. Высоцкий (1934) су құбылымының 3 түрін бөлген.
1. Тоңды тип – көп жылдық тоңды қабаттар тараған аудандарда, топырақтың беткі
еріген қабаты суға қаныққан.
2. Шайылмалы су құбылымы – судың булану мөлшері топыраққа енген судан аз.
3. Мерзімді шайылымды
су құбылымы – топыраққа енген су мөлшері құрғақ жылдары
шайылмайтын, ылғалды жылдары шайылатын – мерзімді шайылымды тип.
4. Ылғалмен шайылмайтын су құбылымы – булану мөлшері топыраққа енген сумен
бірдей.
5. Топырақтың бусануы бар су құбылымы – шөлейт және шөл аймақтардағы жер асты
суларының буланумен сипатталады.