4. Орманды-тайгалы зона топырақтары Орманды тайга зонасы ТМД елдерінің европалық бөлігі мен Батыс Сібірді, Шығыс-
Сібір орманды тайгасын және Қиыр шығыс орманды тайга аймақтарын қамтиды. Бұл аймақ
солтүстігінде тундра, ал оңтүстігінде орманды дала аймақтарымен шектеседі. Алып жатқан
жер аумағы – 1 млрд. 150 млн. га. ТМД елдері аумағының 52%, ал соның ішінде Ресей
мемлекеті жер ауданының 55% құрайды. Бұл аймақ өте үлкен ауданды қамтығандықтан,
топырақ құралу жағдайлары әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады.
Климаты салқын, аймақтың Шығыс Сібір бөлігі күрт континенталды ал, Қиыр
Шығыста муссонды. Орташа жылдық температурасы, аймақтың европалық бөлігінде +4
0
С-
тан Шығыс Сібір бөлігінде -7-16
0
С аралығында және Қиыр Шығыста +7,5
0
С. Европалық
бөлігінде Жауын-шашын мөлшері – 500-680 мм-ді құраса, Шығыс Сібірде 150-600 мм, ал
Қиыр Шығыста 600-700 мм болып оның басым бөлігі шілде-қыркүйек айларында жауады.
Жер бедері. Аймақтың Еуропа бөлігі Орыс жазықтығында орналасқан. Бұл жерлердің
бедеріне мұз дәуірінің мұздықтары үлкен ықпал жасаған. Абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен
290-460 мм биіктігі бар жалдар мен дөңдер және олардың аралықтарында көлдер мен
көптеген батпақтар орналасқан. Батыс Сібір бөлігі жазық, ойпатты бедерлі, әлсіз
құрғатылатын Батыс Сібір жазықтығында орналасқан, ал Енисей өзенінен шығысқа қарай
тайгалы орман аймағы Орталық Сібір қыраты мен Шығыс Сібір тау жүйесінде және Қиыр
Шығыста орналасқан. Бұл өңірдің геологиялық құрылысы өте күрделі және көбінесе таулы
жер бедерінен құралған.
Топырақ түзуші тау жыныстары аймақтың европалық бөлігінде топырақ түзуші тау
жыныстары негізінен мұздықтар мен мұздық суларының шөгінділері. Олар негізін
гранулометриялық құрамы әр түрлі болып келген карбонатсыз, кейде карбонатты мореналық
(мұздықты) аналық тау жаныстары. Европа бөлігінің таулы жерлерінде, сонымен қатар
Орталық-Сібір қыраты, Шығыс-Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарында топырақ түзуші тау
жыныстары түпкі тау жыныстарының элювиі және делювиі. Орталық Якутия ойпатында
төрттік кезеңнің лёс тәрізді құмбалшықтары мен құмайттары.