Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет39/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Ормандық сұр топырақ 
– Солтүстік Қазақстан облысының қиыр солтүстігіндегі 
орманды дала аймағында кездеседі. Алып жатқан жер ауданы 76 мың га. ТМД-елдерінде бұл 
топырақ типінің ауданы 50 млн га. Топырақ түзуші тау жыныстары негізінен төрттік дәуірдің 
лёсс тәрізді балшықтары және құмбалшықтары.
Ормандық сұр топырақ, гумус түзілу қарқынына және күлгіндену белгілеріне 
байланысты үш типшеге бөлінеді. Олар: ашық ормандық сұр топырақ; ормандық сұр 
топырақ және күңгірт ормандық сұр топырақ .
Ормандық сұр топырақтың тың жерде оның үстінде А
ш
нмесе А
о
қабаты (дала немесе 
орман төсеніші) қалыптасқан. Бұл топырақтардың ең басты морфологиялық ерекшелігі, 
гумус қабатының А
1
қарашірінділі және А

қарашірінділі-күлгінделген қабаттарға 
бөлінуінде. Одан кейін А
2
В ауыспалы қабат, ал оның астында иллювиалды В қабаты және 
аналық тау жынысы С қабаты орналасқан. 
Ормандық сұр топырақтың А
1
қабатының қалыңдығы – 20-25 см, түсі біркелкі сұр 
немесе қара-сұр, түйіртпектігі әлсіз кесекті болып келеді. А
1
А
2
– қарашірінділі-күлгінденген 
қабаттың жаңғақты түйіртпекті түйіршіктері бетінде кремний тотығы себіндісі бар болып 
келеді. Бұл қабат біртіндеп А
2
В ауыспалы қабатқа айналады. Оның түсі сұрғыш қоңыр, 
жаңғақты түйіршіктер бетінде кремний тотығы себіндісі бар. Иллювиалды В қабаты күрең 
түсті, түйіртпектігі оның үстіңгі жағында ірі жаңғақты, ал астына қарай призмалы болып 
келеді. Топырақтың астыңғы 150 см тереңдігіндегі қабатында ұзынша дақтар, жалған 
мицелий күйінде карбонаттар жиналған.
Күлгінденген қара топырақ -
Бұл топырақтың ең басты ерекшелігі қарашірінді 
қабатында кремний ұнтағының кездесуі. В қабатының түйіршіктері бетінде ақшыл түсті 
кремний тотығы себіндісінің болуы, А қабатының түсі ақшылт қара, В

қабатының түсі 
ақшылт, А+В
1
қабаттарының қалыңдығы Европа бөлігінде 70-100 см болса, Шығыс сібір 
бөлігінде 30-50 см-ге дейін ауытқиды. карбонаттар 1,3-1,5 тереңдікке дейін шайылған, 
қарашірінді мөлшері 5-8%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет