ОЮ - ӨРНЕК
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қопа селосы
Қопа жалпы орта білім беретін мектебі
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Исмаилова Асель Жумамуратова
Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері,
тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралықғимараттарды әшекейлеуге арналған,
жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек- нақыштар.
Қазақ халқының ою-өрнегінің тарихы Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері
Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал, нүкте, ирек тәріздес
болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау,
кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің
жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның
басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық
ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар
Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді.
Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек,
тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.
Түрлері
Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы: · жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ
(фриздер, жиектер т.б.); · Өсімдік тектес ою-өрнектер · гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер,
розетка, күн белгісі, т.б.); · торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);
· геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады); · зооморфтық ою - өрнектер (жануарлар,
яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.); · көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б.
элементтері). · қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі). Олардың аса маңызды
элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің
геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс өрнектері (гүл,
жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен
аңшылық қару-құралдарында сақталып қалды. Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде
(сақина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көкөніс өрнектері
(сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болады.
Ою-өрнек үлгілері
Ою түрі - "қошқармүйіз" · "Жұлдыз" - өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды. Жұлдыз бейнесі
копмозицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі.
· "Жұлдызгүл" - бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. · "Күн"
- ою-өрнегі күнді меңзейді.
· "Мүйіз" - мүйіз оюдың ең көне мәнері. · "Қосмүйіз" - малдың екі мүйізін бейнелейді. Кейде "ырғақ",
"ілмек" деп аталтын оюларды "қосмүйіз" дейді.
· "Арқармүйіз" - бұл элемент "қошқармүйізге" ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан
көбірек болып келеді.
· "Сыңар мүйіз" - қошқармүйіздің бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек.
· "Қырықмүйіз" - біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз
бейнеленген оюлардың барлығының символдық мәні бақыт-, байлық, мал-жанының көбеюі. ·
"Төртқұлақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі.
Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырынына, шалбардың тізе тұсына салынған.
· "Үшжапырақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі.
Ісмерлер кесте тігуде қолданып жүр. · "Түйемойын" - түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады.
3
· "Ботагөз" - әшекейлі композиция ортасына салынады. · "Тіс" - малдардың, аңдардың тістеріне және
шахмат тақтасына ұқсайтын ою-өрнек. · "Таңдай" - мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан. ·
"Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді.
· "Шетою" - өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім-кешектердің басқа да үй
жиһаздарының жиектерін кестелеуде, сәулет өнерінде қолданылады. · "Ирек", "ирексу" өрнектері
бешпеттің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиектеріне салынады.
· "Гүл", "жапырақ", "қоза" өрнектері - барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектер қолөнердің барлық
саласын қамтиды.
· "Су өрнегі"
Достарыңызбен бөлісу: |