Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
umkd 2

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Ақын, арнау, дастан, жылнама, жыр, жырау, 
жыршы. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-
экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Ӛндіргіш 
күштердің дамуы, кӛшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық 
топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан 
арасындағы тартыстың ӛршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл 
мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. 
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы 
хандығы ӛте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш 
кӛліне дейін, оңтүстігінде Сырдың тӛменгі жағы мен Арал ӛңірінен, солтүстігінде 
Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған 
мемлекет болмады. Кӛптеген ұлыстарға бӛлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр 
тармақтағы ұрпақтары, кӛшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен 
кезде халық ӛзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани 
ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің 
Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір 
ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - 
Сығанақ, Созақ, Аққорған, Ӛзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-
Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан ӛңірінде жеңіліп 
қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы ӛз жерлеріне кетті. Ал 
Әбілхайыр ӛз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық 
бұқарасының оған деге ӛшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс 
Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бӛктерлерінен Жетісудың батыс 
ӛңіріне кӛшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы кӛшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, 
соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан кӛшіп кетіп, қоныс 
аударды. Сӛйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың 
батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас ӛзендерінің жазықтығына кӛшіп келді. 
Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен 
Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, 
оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен 
қызметі ӛз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің 
орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға 
ӛзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ ӛзінің бауыры Тимурид Абу Саид 
қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. 
Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын кӛтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей 
оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі 
жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза 
Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына 
(1465-1466 жж.) жатқызады. 


Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін 
қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 
1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға ӛлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне 
байланысты, ӛзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан кӛшіп 
келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш 
жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен 
шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 
күрес 1468 ж. Әбілхайыр ӛлгеннен кейін қайтадан ӛршіді. Қазақ хандарының басты 
жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед 
Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. 
Сыр ӛңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын 
болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды 
орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға ӛз құқықтарын 
орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың тӛменгі және орталық сағаларының жерлері 
қазақтың кӛшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), 
Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай 
шайқастардың бірінде кӛрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 
жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы 
кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар 
Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да 
толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі ӛздеріне қараған қалаларға 
(Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы 
ӛкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, ӛз иеліктерін ұлғайтты. Дешті 
Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы 
тайпалардың кейбір бӛлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол 
Темір әулеті арасындағы ӛзара тартысты пайдалана отырып, ӛкімет билігін басып алды. 
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және 
этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол 
астындағылармен 
бірге 
кӛшпелі 
ӛзбектердің 
басшысы 
Әбілхайырдан 
кетіп, 
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті 
жақтаушылардың ӛзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың ӛлімінен 
кейін Керей мен Жәнібектің Ӛзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа 
мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады. 
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Ӛз тұсында 
"жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, кӛзге түскен хандардың бірі Жәнібектің 
ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және 
экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі 
мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол 
астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың кӛп 
бӛлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле ӛлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ 
бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс 
болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. 
Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. "Қасым ханның қасқа жолы" 
деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. 
Қазақ поэзиясының бұл кезеңдегі аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 
ғ.), Жиембет, Ақтамберді (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға 
құрылған.тінің тарихындағы аса бір айтулы мұра, тот баспас асыл, ағынды да арналы сала 
– жыраулар поэзиясы. 
Жыраулар поэзиясы әдебиеттану ғылымымызда, әдебиет тарихында кӛркемдік 
негіздері жӛнінен де, әлеуметтік, тарихи мәні жӛнінен де жан-жақты қарастырылып, 
жүйеге түскен сӛз ӛнері. Қазақ әдебиетінің мыңдаған жылдық тарихы бар асыл 


мұрасының жасалу тарихын, жыраулардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны жайлы 
тұжырым, тоқтамдарды белгілі ғалымдарымыз Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, 
Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, 
З.Ахметов, Ә.Дербісәліин, Р.Сыздықова, М.Мағауин, Н.Келімбетов, Қ.Сыдиқов, 
С.Негимов т.б. ғалым-зерттеушілеріміздің еңбектерінен табамыз.
Ш.Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүйемелдеуі арқылы 
орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жыр 
дегеніміз – рапсодия. «Жырламақ» етістігінің ӛзі белгілі бір ән-әуенмен жырлау 
мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызда сүйемелдеу арқылы орындалады. 
Жырдың мазмұны ертеде ӛткен батырдың ӛмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір 
жәйт: батырдың ӛмірі мен ерліктеріне қатысты оқығанын, бәрі қара сӛзбен баяндалады, ал 
жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сӛйлету қажеттігі туған кезде ғана 
қолданылады», – деп жазды. Рас, «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиетімізде ерте 
кезеңдерде-ақ, туып қалыптасқан. Бұған ӛз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр 
алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. «Жырау» сӛзі де осы ұғыммен терең 
астасып жатыр. Қазақтағы жыр мен ӛлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық 
белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі – Құрбанғали Халидұғлы. Ол ақын мен 
жыршыны ӛлеңшілердей емес, ӛз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп 
санап: «Ақындардың бір бӛлімін «жыршы» дейді. Бұлар да ақынға тең түседі. 
Шығармаларында айырмашылық бар. Ақын шығармасын «ӛлең» дейді, олардың бір жолы 
тӛрт немесе одан да кӛп сӛзден тұрады. Ал, жыр болса, одан гӛрі қисынға құрылған 
(қиыннан қиысқан) үш сӛзден тұрады. Мысалы, Бұқар жыршының жыры (поэзиясы), Асан 
атаның мақал сӛздері жәнеАбылай хан қайтыс болғандағы Бұқардың кӛңіл айтуы да 
жырға жатады. Осы күнгі Құдабай ақынның айтып жүргені «ӛлең» делінеді. Екінші 
айырмасы: ақындардың ӛлеңі жай мағыналы болып, ал, жыршылардың сӛзі мадақ, 
насихат мағыналы болып келеді және мысал сипаттас әсерлі болады. Сонымен бірге 
ӛлеңнің алғашқы екі жолы түпкі мағынасына сай келе бермей, қисын үшін де алынады. 
Ал, жырдың барлық жолы арналған тақырыптан ауытқымайды», – деп жазады.В.В.Радлов 
жырды шумақа бӛлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды 
– жыршы, кӛнені жырлаушы, алдын болжаушы(предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай-ақ, 
ол қазақ жырының кӛнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда кӛне түрік 
ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе, сондағы аллитерация, 
акростих және ішкі ұйқастармен кӛне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», – дейді. 
Сӛйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең кӛне тип екендігі Ш. Уәлиханов 
пен В.В. Радловтан бастап В.Жирмунский, X.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов, 
Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.С.Смирнова, З.Ахметов, X.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, 
Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Е.Тұрсынов, Қ.Айымбетов зерттеулерінде де түгелдей 
мақұлданған. Бұлардан Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, З.Ахметов сияқты әдебиетшілер 
жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рӛлімен қатар, алдын болжағыш, білгір, 
кӛрегендік қасиеттерін де баса кӛрсетеді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рӛлін аса 
жоғары бағалай келіп: «Жыраулар ӛмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, кӛбінесе, заман-
дәуір, ӛткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, 
болжаулар, қағидалы сӛздер айтып отырған», – деп ой түйсе, Ә.Марғүлан: «Жырау ру 
басы ақсақал, халықтың кӛкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде ӛте қажетті 
тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бӛленген 
жырауларға жұрт болашағына қауіп тӛніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа 
тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана 
жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр 
толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – кӛреген де білгір жыраулардың 
поэтикалық ӛнерінің басты тәсілі болып саналған», – деп жазады. Ал, З.Ахметов 
жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар 
творчествосының жанрлық ерекшеліктері ӛзгеше. Олар ӛз жырларын қазақ халқының 


кӛне поэтикалық үлгісі – толғауар қылы айтып таратқан. «Жырау» сӛзінің кӛне мағынасы 
эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен 
анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым ӛзгерген, жаңа мағынасында қолданыла бастады», 
– дейді. Бұл айтылған пікірлердің жыраулық поэзияның табиғатын ашып танудағы мәні 
айрықша. Дегенмен, жыраулар творчествосының ӛзіндік белгілері қандай, бұлар табиғаты 
жағынан әдеби түрдің қайсысына жатады, мұның жанрлық белгілері қандай деген тәрізді 
аса күрделі мәселелер әлі күнге дейін арнайы қарастырылып, ӛз шешімін әлі де толық таба 
қойған жоқ. Біз осыған орай жыраулық поэзияның Абай іргесін қалаған жазба әдебиетке 
келіпжалғасудағы тарихи үлесін елеулі деп айта аламыз. Жыраулар импровизация 
дәстүрінің бірден-бір негізін қалаушылары ғана емес, сол жанрдың ғасырлар бойы 
жалғаса дамып, тұрақтап ірге тебуіне де айтарлықтай еңбек сіңіріп келді. Осы тұста 
Ә.Тәжібаевтың: «Жырау – сӛз жоқ ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану 
мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі 
ұрпаққа сиқын бұзбай кӛрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулық – ертеден келе 
жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы», – деп, жыраулық дәстүрді 
әдебиетте орны бӛлек, жеке сала ретінде алып қарастырады. Ал, Ә.Марғұланның 
кӛрсетуінше, жыраулар эпикалық жырды бірден-бір жасаушылар болумен қатар
қоғамдық ӛмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да 
іріӛкілдері. Бұл пікірді Ә.Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып: «Ертегі, ұсақ салт 
жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың үлесінде 
болған», – дейді. 
Жырау – ақын-тӛкпе импровизатор, ӛлең сӛзді қару еткен ӛнер адамы, парасаты 
мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы. Заманының бағыт-бағдарын сынай, 
салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да дана абызы, бетің бар, 
жүзің бар тура айтар ӛткір де әділ биі, жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар 
жауынгер жырауы, қолбасы болған. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді 
кӛкейкесті мәселелер тұсында толғанған. Халық қайғырғанда демеп, қуанғанда ақыл 
қосатын асыл сӛз иесі – жырауларды қатты қадірлеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет