437
дары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Ба-
ланың антропологиялық психология-
сы» тұрғысынан зерттеді.
В.М.Бехтеревтің бастауымен 1907
жылы педологиялық институттың
Жарғысы жасалды. Мұнда баланы
ұзақ уақыт бойына бақылау, анасы-
мен қоса жан-жақты қамқорлыққа
алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғы-
да сондай-ақ, институттағы бала тәр-
биесі, үйде ата-анасы тарапынан бе-
рілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жы-
луынан кем болмауы тиіс деген қағи-
да орын алды. Институтта үш бөлім
(психология, гигиена мен физиоло-
гия, педагогика) болды. Мұндағы ғы-
лыми қызметкерлер бірлесіп, жас өс-
кінді жан-жақты тәрбиелеуде, яғни
В.А.Сухомлинский айтқандай, «Ба-
лаға жүрек жылуы» дейтін гуманис-
тік идеяны басшылыққа алды. БК(б)П
Орталық Комитетінің 1936 жылғы Үш
тілдегі «Наркомпростар жүйесіндегі
педологиялық бұрмалаушылықтар ту-
ралы» қаулысынан кейін, педологияға
дұрыс көзқарас болмады. Сол кездегі
тоталитарлық режим ғылым саласына
да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы
қаулының педологияға қиянат жаса-
ғаны, оның ақ-қарасын айырмағаны
қазіргі кезде белгілі болып отыр.
Қайта мұның теоретиктері мен прак-
тиктері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы
қаулының зардабы психологтарға да
қолайсыз әсер етті, оның «Бала және
педагогикалық психология» дейтін
салаларының дамуына тұсау салын-
ды. Өйткені педологтар өзгермейтін
орта мен тұқымқуалаушылық дейтін
ғылыми тұрғыдан қате ұстанымды
басшылыққа алған болатын. Педоло-
гияға оң көзқарас тек соңғы жылда-
ры, яғни ғылымда демократиялық
принцип қалпына келгеннен кейін
ғана қайтадан өріс ала бастады. Ға-
лымдар (психологтар, физиологтар)
педологияның теориялық қисында-
рының әлсіздігін мойындай отыра,
оның практикалық зерттеу әдістері-
нің маңызын жоққа шығармайды.
Әсіресе, педологияның қиын бала-
ларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің,
оларды тест арқылы зерттеу әдістері-
нің құндылығын мойындайды.
Академик В.П.Зинченко педология-
ның ғылыми концепциясында бала
тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 прин-
ципті басшылыққа алғандығын бы-
лайша тұжырымдайды:
1) баланы бір ғана психологияның
көмегімен жан-жақты зерттеуге бол-
майды, оны гигиеналық, физиоло-
гиялық, антропометриялық, басқа да
әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерт-
теу қажет. Бұл генетикалық принцип
деп аталады;
2) Баланы үнемі даму үстінде зерт-
теу қажет;
3) Оны әлеуметтік ортамен байланыс-
тыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қо-
ғамдық-тарихи теориясына сәйкес);
4) Баланы іс-әрекет үстінде зерттеу.
В.М.Зинченконың осынау пікірле-
рін М.В.Ломоносов атындағы Мәс-
кеу университетіндегі психология
кафедрасының профессоры, акаде-
мик А.Г.Асмолов қолдап, «Педоло-
гия» журналын шығарды. Бұл ай-
тылғандар Орталық Партия комите-
тінің жоғарыда аталған қаулысынан
зардап шеккен педологияны қайта-
дан өмірге келтірудің бір көрінісі.
Бұл жайт Қазақстандағы тәлім-тәр-
бие ғылымдары саласында зерттеу
жүргізіп жүрген оқымыстылардың да
есінде болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: