Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет1/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb



Қ.ЖАРЫҚБАЕВ
О.САҢҒЫЛБАЕВ
Алматы
2011


Жоба авторлары: 
Қ.Б. Жарықбаев
О.С. Саңғылбаев
Пікір жазғандар: 
Психология ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Ақтаева
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.С. Оспанов
Ж 32
Психология:
Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.
ІSBN 9965-893-71-3
Төл тілімізде тұңғыш рет жарық көргелі отырған энциклопедиялық сөздік-
ке психология ғылымының сан түрлі салалары бойынша қазіргі кезде жиі 
қолданылып жүрген негізгі атаулары еніп отыр. Осынау әмбебап сөздік жал-
пы оқырман қауымға, сондай-ақ орта, арнаулы және жоғары оқу орындарының сту-
денттеріне, бакалаврларына, магистранттарына, докторанттарына, оқытушы-
ларына, сондай-ақ барша ғылыми қызметкерлер мен зиялы қауым өкілде-
ріне, бұқаралық баспасөз қызметкерлеріне арналған.
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет министрлігінің
Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және 
Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды
УДК 159.9(031)
ББК 88.3я2
Ж 32
УДК 159.9(031)
ББК 88.3я2
ІSBN 9965-893-71-3
© «Қазақ энциклопедиясы», 2011


3
АЛҒЫ Сөз
Соңғы жылдары әр алуан ғылым саласында оқу құралдарымен қатар 
пәндік сөздіктер құрастыру, ғылыми атаулардың қазақша баламаларын 
тауып, орнықтыру жолында біршама іс тындырылды. Осынау игілікті 
істің бастамасы ретінде 50–60 жылдары қазақ тілінде шыққан кейбір 
психологиялық әдебиеттерге қосымша ретінде берілген жекелеген термин 
сөздердің тізімі беріліп жүрді. Мәселен, 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым 
Академиясының баспасынан «Педагогика-психология терминдерінің 
орысша-қазақша сөздігі» (құрастырушылар: Қ.Қойбағаров, Ғ.Рахымбеков) 
жарық көрді. 1976 жылы Қ.Жарықбаев пен А.Әбдірахмановтың «Пси-
хология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі», 2005 жылы Ж.Намаз-
баева мен О.Саңғылбаевтың «Орысша-қазақша психология сөздігі» 
жарияланды. 2006 жылы Қ.Жарықбаев пен О.Саңғылбаевтың «Жантану 
атауларының түсіндірме сөздігі» жарыққа шықты. Қырықтан астам 
саласы бар қазіргі психология ғылымына соңғы кездері жаңадан көпте-
ген терминдердің қазақша баламалары күні бүгінге дейін тұрақталып, 
саралануы да кемшін. Ал осы саладағы ұлттық терминдердің жағдайы 
өз алдына бір төбе.
Осыған орай, авторлар қазақ тілінде қолданыста жүрген кейбір 
терминдердің баламаларын қайтадан қарастырып, олардың ғылыми мә-
нін саралап, ширата түсу қажет деп санайды. Осы жайттарды ескере ке-
ліп, психология терминдерінің энциклопедиялық сөздігін тұңғыш рет 
оқырман қауымға ұсынып отырмыз.
Сөздікті дайындауда авторлар осы ғылым саласында өздерінің көп
жылғы жиған-тергендерін іріктеп, пайдаланумен қатар, басқа әріптесте-
рінің де іс-тәжірибелерін барынша ескерді. Мұнда ТМД елдерінде 
алыстағы шетел тілдерінде психологиялық сөздіктер жасау тәжірибесі 
мұқият еске алынды.
Оқырмандарға ұсынылып отырған осы сөздікте жалпы психология 
ғылымының терминдерімен қатар оның жеке салаларының (әлеуметтік, 
педагогикалық, медициналық, этникалық т.б.) 1000-ға жуық негізгі 
ұғымдары қамтылып отыр. Бұлардың біразы кезінде Қазақстан Республи-
касы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік терминологиялық 


4
комиссияның талқысына түсіп бекітілген де болатын. «Сөздікте» алғаш 
рет халқымыздың психология ғылымына қатысты төл ұғымдары мен қа-
зақ халқының психологиялық ой-пікірлері орын алып отыр. Басылым-
ның ендігі бір ерекшелігі – қазақ халқының сан ғасырлық тарихында жан 
мен тән мәселелері жайлы сөз қозғаған ғұлама ғалымдары мен ақын-
жырауларының тағылымды, тәлімгер ғалымдарының түйінді ойлары, 
сондай-ақ еліміздегі психология ғылымының қалыптасып даму ісіне ша-
ма-шарқынша ат салысқан, қазірде арамызда жоқ Қазақстан психологта-
рының қысқаша өмірбаяны мен шығармашылық қызметі туралы дерек-
тер берілуінде. Мұнда ұлттық психология ғылымы саласында азды-көпті 
қол жеткен жетістіктерімізді оқырман қауымға паш ету, сөйтіп, хал-
қымыздың жантану ілім-біліміне қосқан өзіндік үлесін көрсету, ұлттық 
мақтаныш сезімімізді оята түсу жағы да көзделген.
Әлемдік психологияның сегіз мыңдай ұғым, түсініктері бар. Оның
барлығын осы сөздікке енгізу мүмкін емес. Сондықтан бұған тек пси-
хология ғылымының іргелі, басты-басты психология ұғымдары, әсіре-
се, қазақша психологиялық ұғымдар қамтылды.


5
АБАзИЯ
(грек. а-
тepic бөлшек + 
basis-жүріс
(
көбінесе жүйке ауруы 
салдарынан жүру қабілетін жоғал- 
ту
) истерия немесе ұстамалы жүйке 
ауруы күйінде жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет