12
дісінде ақаулық байқалады. Олардың
кеңістікті қабылдауы (сипап сезуі,
қимыл-қозғалысы)
көру тітіркендір-
гіштерін күшейту арқылы ғана іске
асады.
Мидың желке алабы мен төбе бөлі-
гінің төменгі алаптарының зақымдалу
салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар
таба алмайды.
Ауру өздігінен киіне
алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шал-
барының балағы мен ышқырлығын,
камзолының жағасы мен етегін шатас-
тыра береді, өз төсегін де сала алмай-
ды. Ұстаған заттарының тік және кө-
беу жағдайын ажырата білмейді. Сі-
ріңке шырпыларынан құрастырылып
көрсетілген геометриялық фигура-
ларды өздігінен құрай алмайды, әріп-
тердің
таңбасын оңды-солды ауыс-
тырып жазады, қолының саусақтарын
дұрыс атап көрсете алмайды.
Есту А.-
сына ұшыраған адамдар нәрселерді
дыбыстарына қарай ажырата алмай-
ды, сағат механизмінің соғуын, қоңы-
раудың сылдырын, иттің үргенін де
ажырата білмейді.
Ондай адамдардың танып білуіндегі
кемістіктері мидың самай алабының
зақымдалу салдары екендігі анық-
талған. Ондай адамның есту қабілеті
болғанымен, айтылған сөздерді ол дұ-
рыс түсіне алмайды.
Ал
,
сипау сезімде-
рі зақымдалған адамдар өздерінің
көрген нәрселерін көздерін жұмдырып,
сол нәрселерді сипау арқылы байқап
көргенде оларды танып біле алмаған.
Мұндай кемістік мидың төбелік алабы-
ның зақымдалғанын білдіреді. Адам-
ның танып білу қабілетінен ажырау
себептерін зерттеу нәтижелері ондай
адамның зақымдалған мүшелерін ем-
деп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал-
тәсілдер қолданып, оның қабылдауын
қалыпқа түсіруге болатындығын көр-
сетеді.
А. – ми сыңарларының локал-
ды зақымдануы салдарынан адамның
бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін
қайтадан тани алмауы.
А. төмендегідей жіктеледі: 1) визуал-
ды А. – көз өткірлігінің сақталуы-
ның өзінде
объектілерді, заттар мен
олардың кескіндерін тұтас тани ал-
мау, оларды бөлшектей алмау; 2) так-
тилді А. – заттар мен объектілерді
сипап
ұстауда оларды тани алмау
немесе өз денесінің локустарын тану-
дың бұзылуы, соматоагнозия деп ата-
латын дене құрылымы жөнінде абер-
рациялық, бұрмаланған түсінік; 3) ке-
ңістіктік А. – заттар мен олардың
кескіндерін қабылдаудың сақталуын-
да адамдардың түрлерін тани алмау;
4) есту А. – естудің фонематикалық
қасиеттерінің, яғни сөйлеудегі дыбыс-
тарды ажыратудың бұзылуы; 5) әріп-
тік А. – оқудың бұзылу түрлерінің
бірінің негізінде жататын А. түрі;
6) симультандық А. – бір мезгілде
қабылданатын
заттар мен құбылыс-
тардың санының күрт азаюы.
АГРАФИЯ
(грек.
а –
қаз.
болымсыз-
дық қосымшасы
және
grako – жаза-
мын
)
–
сөйлеудің әртүрлі жағдайын-
да пайда болатын жазудың бұзылуы
не жазу қабілетін толық жоғалтудан
немесе сөздерді өрескел бұрмалау-
дан, буындар мен әріптерді тастап ке-
туден, әріптер мен буындарды сөз етіп
қосуға қабілетсіздіктен, т.б. көрінеді.
А. балаларда мидың органикалық же-
те дамымауымен байланысты тілінің
жалпы дамуы кенжелеп қалуының
бір көрінісі; нашар естудің немесе са-
ңыраулықтың
салдарынан сөздерді
дыбыстық талдаудағы кінәраттармен
Достарыңызбен бөлісу: