Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет17/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЙМАУЫТОВ ЖҮСІПБЕК
(1889-
 
1931)
қазақтың ғылыми психоло-
гиясы мен педагогикасының негізін 
салушы. Туған халқымен 60 жылдан 
кейін қайтадан көрісіп, біртуар қазақ 
зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, 
оқу-ағарту мәселелері саласында сын-
дарлы, терең мағыналы ғылыми ең-
бектерді өндіре жазған адамдардың 
бірі. Бас-аяғы 5-6 жылдың ішінде 
оның осы салада 6 кітап жазуы – бұл
айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924
жылы мектеп мұғалімдері мен педа-
гогикалық оқу орындарында оқитын-
дарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орын-
бор, госиздат, 186-бет), 1926 жылы 
екі кітап, бірі – «Психология» (Қы-
зылорда – Ташкент), екіншісі – «Жан
жүйесі және өнер таңдау» (М. Цен-
триздат, 81-бет), 1929 жылы «Ком-
плекспен оқыту жолдары» (Қызылор-
да, Казгосиздат, 129-бет), мектеп 
оқушыларына арналған «Жаңа ауыл»
(екінші сыныпқа арналған оқу кітабы, 
Алматы, 1929-30 жж.), «Сауатсыздықты 
қалай жою керек?», т.б. жариялады.
Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекші-
сінде» дидактика мен педагогикалық 
психологияның ғылыми астарлары,
ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік термин-
дер жүйесі сөз болады. Еңбек төрт 
бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы 
кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның 
психологиялық негіздері (ынталы 
оқыту, үйрету әдістері, машықтану жол-
дары, оқытудағы көрнекілік, оқыту
түрлері, т.б.) жиырмасыншы жылдар-
дағы қазақ мектептерінің өмірінен 
алынған нақтылы мысалдармен те-
рең талданады. Еңбектің төртінші 
бөлімінде де педагогикалық психоло-
гияның кейбір мәселелері сөз бола-
ды. Олар: ұстазбен шәкірт ынтымақ-
тастығының басты белгілері, қазақ 
мектебінде сабақ өткізудің өзіндік 
ерекшеліктері сөз болады.
Ж.Аймауытовтың психологиялық 
мұрасы туралы айтқанда, оның «Пси-
хология» атты төл оқу құралы толы-
ғырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені 
бұл психология саласында төл тілі-
мізде жазылған ғылыми мәнін күні 
бүгінге дейін жоймаған тұңғыш дү-
ние екендігі даусыз. «Психология, –
деп жазды автор осы кітаптың «Бет-
ашарында, – терең ой, терең білім
терең пәлсапаға соғатын пән... өзге 
білімдер затшылдыққа табанын тіре-
се де, психология әлі тіреп, яғни нық
басқан жоқ... Қарапайым адамға жұм-
бақ сықылды көрінетін талай нәр-
селер психологияда қаралады... Се-
бептері, сырлары айқындалады, бұ-
лардан хабары болу, ақыл-ойына ерік
беру кімге де болса, керекті. Бұл кі-
тапты алдымен бала оқытушыларға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет