Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет16/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЙҒАБЫЛОВ НОҒАЙБАЙ
(1928-
 
2001)
– қазақ психологі, 1960 жылы
Ленинград қаласында «6-шы класс 
оқушыларының таным әрекеттерінің 
кейбір жақтарын дамытудағы оқу-
тарихи суреттердің рөлі» деп атала-
тын тақырыпта кандидаттық дис-
сертация қорғаған. Ол орта мектеп
оқушыларының тарихи атауларды 
ұғыну ерекшеліктерінің психология-
лық негіздерін зерттеген автор. Ең-
бектері «Бастауыш класс оқушылары-
ның ақыл-ой әрекеті белсенділігін 
арттыру» (Алматы, 1970.), «Бала мі-
незінің қалыптасуы және тәрбиелеу» 
(Алматы, 1970.), т.б.
АЙзЕНК ГАНС ЮРГЕН (1916-
 
1997) 
– британ психологі. Психология-
дағы биологиялық бағыттың көшбас-
шыларының бірі. Г.Айзенктің жеке 
тұлға теориясы диспозициялық тео-
рияның үш негізгі бағытының біреуі-
не – қатаң бағытына жатады. Бұл 
бағыт адамның қатаң биологиялық 
құрылымдары: дене құрылымы, жүй-
ке жүйесі, ми және белгілі жеке тұл-
ғалық қасиеттері арасында қатаң 
сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, 
Г.Айзенк «интроверсия – экстравер-
сия (тұйықтылық-ашықтық) мидың 
ерекше құрылымы – ретикулярлық 
формацияның қызметімен байланыс-
ты» деген болжам ұсынған.
АЙКЕзБЕ, (СОМНАМБУЛИзМ)
(лат. 
somnus 
– қаз. 
ұйқы, ambulare – 
жүру
)
– 
психикалық аурудың бір 
түрі. Бұл ауруға ұшыраған адам 
ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде 
өзі білместен, әртүрлі істер, әрекеттер 
істейді. Мұндай жайттар оның өмірі-
не қауіп туғызуы мүмкін. Оянған 
кезде түнде не істегенін айтып бере 
алмайды. А-нің (сомнамбулизмнің) фи-
АзҒЫ
АЙКЕ


19
зиологиялық механизмі гипноз ме-
ханизміне ұқсайды.
АЙҚАЙ
– адам өзінің іс-әрекеті мен 
қылығына иелік ете алмай, айқайлап 
тіл қатуы, дауыс көтеріп сөйлеуі. А. 
әдеттегі сөйлеу мөлшерінен қатты 
шыққан дауысты немесе үнді білдіре-
ді. «Айқай менің өз үйім, кең сарай-
дай бөз үйім» деген қазақтың сөзі 
көңіл күйдің ризашылығын қатты шы-
ғарған үні арқылы білдіруі. А-дың 
ауыспалы түрі ұран салу мағынасында 
қолданылады. («Айқайлап жауға 
тигенде, Ағатай – Беріш ұраным!» 
Махамбет). А. адамдардың іс-әреке-
тіндегі сезім күйлерін білдіреді. Пси-
хологиялық тұрғыдан алғанда, айқай-
шылдық адамның жағымсыз қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет