Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет13/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АДАПТАЦИЯ
– ағзаның,
сезім мү- 
шелерінің ішкі және сыртқы тітір- 
кендіргіштерге, орта жағдайына 
біртіндеп бейімделуі. 
А. үрдістері 
биологияның негізгі ұғымдарының 
бірі – гомеостазды сақтауға бағыт-
талады. Биологиялық А. ағзаның 
барлық деңгейлерін қамтиды: моле-
кулярлықтан бастап, іс-әрекетті пси-
хикалық реттеуге дейін. Экстремал-
ды жағдайларға А. сәттілігінде жат-
тығу процестері, индивидтің функ-
ционалдық, психикалық және мораль-
дық күйі маңызды рөл атқарады.
А. сондай-ақ теориялық ұғым ретін-
де гештальтпсихология, швейцар 
психологі Ж.Пиаже шығарған интел-
лект даму теориясындағы индивид 
пен қоршаған орта арасындағы өзара 
АДАП
АДАП


16
қатынастың гомеостаздық тепе-те-
ңесу процестері ретінде түсіндіретін 
психологиялық тұжырымдамаларда
да кеңінен қолданылады. Талдағыш-
тар сезгіштігінің тітіркендіргіштер-
дің әсеріне икемделуі.
Нәрселердің бейнесін қабылдау кезін-
де көз шағылыстыратын жарықтың 
әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе 
қараңғы бөлмеге кірген адамның 
көзі біртіндеп маңындағыларды кө-
ре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жа-
ғымсыз естілетін дыбыстарға да бе-
йімделу түрліше болады. Адамның 
уақытты түйсініп қабылдауға бейім-
делуі де әр қилы болуы мүмкін. А.
мерзімі бірнеше секундқа, ондаған 
минуттарға созылады. А. орталық 
және шеткі жүйке жүйесінің қыз-
меттері арқылы реттеледі. Адамның 
бейімделуі 
биологиялық және пси- 
хологиялық 
деп екіге бөлінеді: 
бірін- 
шісі, 
ағза функцияларының және 
құрылымының ортадағы жағдайға, 
шартқа бейімделуі; 
екіншісі 
адамның 
әлеуметтік ивдивид ретінде, белгі-
лі талаптарға, жағдайларға, принцип-
терге, әлеуметтегі және қоғамдағы 
әдептілік ережелеріне, өзіндегі жеке-
лік қасиеттерін ескере бейімделу үр-
дісі болып танылады.
Әлеуметтік ортаның талаптарына 
индивидтің белсенді бейімделу үр-
дісі психологияда 
әлеуметтік бе- 
йімделу 
(
әлеуметтену
)
, әлеуметті 
аккомодация 
деп аталады. Қабыл-
даудың нәтижелілігін арттыру және
рецепторларды шектен тыс жүктеме-
ден сақтау мақсатымен сезім мүшеле-
рінің әртүрлі стимулдар ерекшелік-
теріне сәйкес бейімделу орын алады.
Бейімділік – ивдивидтің өзін қызық-
тыратын белгілі бір іске таңдамалы 
бағыттылығы. Өмірде кездесетін 
жағдайларға, ең жақсы түрде бейім-
делуге ықпал ететін адам қылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет