Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет12/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АДАЛДЫҚ ПЕН АРАМДЫҚ

адамгершілік құлық талаптары тұр-
ғысынан бір-біріне қарама-қарсы мо-
ральдық ұғымдар. 
Адалдық – 
адам-
гершіліктің аса маңызды талаптары-
ның бірін бейнелейтін моральдық қа-
сиет. Ол шыншылдық, әділдік, прин-
циптілік, алған міндеттемелерінен жал-
ған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесін-
АГРЕ
АДАЛ


15
де тұрушылық сияқты қасиеттерді қам-
тиды.
А. адам мінезіндегі таза ниет, бағалы 
да ізгі қасиет. Адамның сана-сезімі-
не, ар-ұжданына қайшы келмейтін
адами мақсат-мүддені көздейтін, та-
рихи шындықпен, прогреспен ұштасып 
жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғам-
ның адалдығы жайында өзіндік па-
йым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан
да адамгершілік пен адалдық қасиет-
терін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.
«Алдау қоспай адал еңбегін сатқан 
қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», –
дейді кемеңгер Абай. А. – адамның 
жеке басы мен моральдық тұлғасын 
сипаттайтын қасиет. А. туғаннан пай-
да болмайды. Ол қоғамның дамуына 
сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбие-
сіне, оқып білім алуы мен адал еңбек-
тену процесінде қалыптасып оты-
ратын ізгі қасиет. А. – жеке тұлғалар 
мен адамдардың абырой-атағын арт-
тыратын ізгі қасиет, адам мінезіндегі 
аса ұнамды сапа. Адал – араб тілін-
де «рұқсат етілген», «таза» деген ма-
ғына беретін, білімімізге шариғат қа-
ғидалары арқылы енген сөз. 
Арам- 
дық – 
моральдық қасиеттің адалдық-
қа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған
алдау-арбау, суайттық, жымысқылық, 
ұрлық, опасыздық, екіжүзділік сияқ-
ты жаман қылықтар жатады. Халық 
арамдық бар жерде – сатқындық; әді-
летсіздік бар жерде – жәбір; жалған-
дық бар жерде – қиянат болатынын 
өмір тәжірибесінен анықтаған.
Мұсылман халықтарында «адал, арам»
ұғымдарына өте зор мән беріледі. 
Алғашқысы «жақсы адам» дегенді біл-
дірсе, соңғысы «жаман, оңбаған адам» 
дегенді ұқтырады. Адал – ешкімнің 
ақысын жеп, ала жібін аттамай, өз 
еңбегімен дүние жинап, күн көріп 
жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қия-
нат қылмайтын жан; арам – дүние-
малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық-
сұмдық, алдау-арбаудан жиналған, 
сонымен күн көріп жатқан екіжүзді, 
обал-сауаппен санаспайтын, жымыс-
қы адам.
Адамдар саналы түрде бірге өмір 
сүргенде, өздері орындайтын, басшы-
лыққа алатын талаптар жасап, олар-
ды әрі қарай да жетілдіріп, толықты-
рып отырды. Соның нәтижесінде адам-
дар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішу-
еріне, әдет-қылықтарына қатысты қо-
йылатын талаптарды, олардың шека-
расын анықтаған. Сондықтан олар 
жеке басының қалауымен өмір сүріп, 
ойына келгенін істей алмаған. Өздері 
мойындаған, өмірде сынақтан өткізіп, 
пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын 
қамтамасыз ететін шарттар аумағын-
да әрекет жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет