Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет20/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЙМА
АЙМА


22
мақ». «...Бас мақсатын біржола ұмы-
тып, әлеумет қызметіне біржола бе-
рілетін адам болуы мүмкін емес, он-
дай адам кемде-кем. Біреу әлеумет 
үшін еңбегін көп жұмсайды, біреу 
бойын тежеп, бас мақсатын көбірек 
бағалайды. Айырма жалғыз осында... 
Қайткенде әрі жеке адамның, әрі 
әлеуметтік пайдасы бірден табыла-
ды? Қай уақытта әлеумет тілегі мен 
жеке адам тілегі тоғысады? – әр адам
табиғатына біткен қабілетіне, ыңға-
йына, зеректігіне қарай өз орнында 
қызмет етсе, сонда табылады». Бүгін-
гі нарық экономикасының талап-ті-
лектері, мамандық таңдау мәселесіне 
басқаша бағыт-бағдар беріп отыр. 
Қазіргі заманда қандай мамандық ие-
сі болмасын өз ісіне жеңіл-желпі қа-
рай алмайтыны белгілі. Мұны Ж.Ай-
мауытов та сол кездің өзінде қатты 
ескерткен: «Оқыған азаматтың қыз-
метке тұрлаусыздығы, тез қызып, тез 
суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр 
даурық (демагогтік) боямалылығы, 
еліктегіш, мансапқорлығы, кеңсешіл-
дігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсат-
мұраты жоқтығы, берік жол тұтына 
алмайтындығы – осының бәрі шын 
әлеумет қызметкерінің піспеген, шы-
нықпағанын көрсетеді».
Аймауытов сол кездегі кейбір қазақ 
жігіттері әкімшілік, комиссарлық 
қызметке шектен тыс әуес болғанды-
ғын, бұлардың осы салаға қызығуы, 
өнер қысқаннан туып отырмағанын, 
бұл бір жұқпалы дерт сияқты нәрсе 
деп келемеждейді. Автор осы жерде 
халқымыздың «Бәрін қойшы болсаң,
құл боларсың, бәрің бірдей тойшы 
болсаң, жын боларсың» деген тама-
ша мақалын келтіре, өте орынды дә-
лелдеген. Автор қазақ жастарына егін
салуды үйрен, отырықшы бол, ден-
саулығыңды күт, шаруа тұрмысыңды 
түзет, газет, кітап оқуға әдеттен, қыс-
қасы, мәдениетті адам болуға, алуан 
өнерді білетін кісі болуға тырыс 
дейді.
Ж.Аймауытов мамандық таңдау жай-
лы өз пікірлерін жалғастыра келіп: 
«Жұрттың бәрі – комиссар болғанда, 
осынша қызметтерді істеуші кім 
болмақ?» – дейді. Осы сұрақтың 
жауабын Жүсіпбек былайша түйін-
дейді: «Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін 
онымен бірге әр адамның тұрмысы 
түзелу үшін – әр адам қолынан ке-
лерлік, пайда берерлік іс істеу керек. 
Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай 
өз орнында қызмет етпесе әлеуметке 
пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, 
әр адам өз жолымен жүре алмай 
бөтен жолға түссе, оның бар таланты 
(озаттығы) жарыққа шыға алмай жер-
ге көміледі. Ондай адам өмірге разы
да болмайды». Автор, мамандық 
таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері 
мен кейбір туыстан берілетін ерекше-
ліктерін де (темперамент, нышан, т.б.) 
ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін-
өзі басқарып, жеке басын жетілдіру-
ге, кісілікке ұмтылуға ерекше мән бе-
рудің маңыздылығын жалықпай қай-
талап айтып өтеді. Өзіңде қандай та-
лант, қандай зеректік, қандай қабілет, 
бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет 
барлығын білуің қажет. Өзін-өзі та-
нымаған адам, өзгені де тануға шор-
қақ болады деп тұжырымдайды.
Аталмыш зерттеудің ғылымилығын 
арттыра түсетін басты ерекшелігі –
мұнда еуропалық психолог ғалым-
дардың осы тақырып төңірегінде жүр-
гізген зерттеу жұмыстарына ерекше 
көңіл бөліп, солармен салыстыра, са-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет