25
ойлау және сөйлеу ерекшелігін, мі-
незі мен темпераментін, ішкі жан-
дүниесін, ерік-жігер, қажыр-қайра-
тын көрсететін қайталанбас психо-
логиялық құбылыс
екендігін нақты
деректер келтіру арқылы дәлелдеп
шықты.
Дейтұрғанмен қазақ айты-
сының әлде де ашылмаған психо-
логиялық сыры мен қыры жеткілік-
ті. Осы мәселені зерттеу қазіргі Қа-
зақстан психологтарының аса өзекті
проблемалары болуы тиіс.
АКАЛЬКУЛИЯ
(грек.
а –
қаз.
бекер-
леуші сөз бөлшегі + kalculatio – каль-
куляция, сан, санау
)
–
баланың санды
білмей, есептеу амалына қабілетсіз-
дігі. Мұндай
қабілетсіздік орталық
жүйке жүйесінің ауруға ұшырауы
себебінен болады. Жүйке қызметін-
дегі
бұл аурудың ошағы ми жарты
шарының сол жақ сыңарындағы тө-
белік алаптың желке бөлігінде
орналасқан. Қабілетсіздіктің бұл түрі
(ми қабығындағы жасушалардың
зақымдалуына
орай мидың өзге
алаптарына жайылуы) кейбір кем-
ақыл балаларда байқалады. А. ауруы-
на ұшыраған балаларға арнайы әдіс-
тер арқылы оқу іс-әрекеттері ұйым-
дастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: