Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет26/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АКМЕ
АКСЕ


27
рініс табады. Сонымен қатар, психо-
логиялық А. түсінігі де бар, ол – ба-
лалардың ақыл-ой дамуының, жан 
қуаттарының түрлі әсерлерге орай 
тезірек дамуы.
АКСИОЛОГИЯ
– тұлғаның, топтың,
ұжымның, қоғамның материалдық, 
мәдени, рухани, адамгершіліктік 
және психологиялық құндылықтары 
жөніндегі ілім. Жалпы адамзаттың 
тіршілігі болмыстағы құндылықтар-
ды орнықтырады, әрбір қоғамда 
құндылықтық-нормалар жүйесі қа-
лыптасады. Қандай да бір құндылық-
ты өлшеу мен бағалау уақыт өте келе 
өзгеріп отырады. 
А. тұлғаның, дүние- 
нің, әділдіктің өзіндік құндылығы жө- 
нінде тұжырым жасайды. 
Адаммен 
қабылданған құндылықтар оның өз 
субъективті құндылықтық бағдарла-
рын құрайды. Құндылықтардың қа-
рама-қайшылықсыздығы тұлғаның 
біртұтастығын сақтайды.
АКТИВАЦИЯ
(лат. 
activus – 
қаз. 
әрекетшіл) – 
негізінен, іс-әрекетке 
даярлық ұғымын білдіреді. А. – жүйке 
жүйесінің қозу және реактивтілік 
деңгейін сипаттайтын күйі. А. өзі-
нің психологиялық механизмдері бо-
йынша әртекті болып табылады. А.
мидың лимбикалық және ретику-
лярлық жүйе құрылымдарын қамти-
тын жүйке жүйесі бөлімдерінің жал-
пы әсерлерімен анықталады. Осы 
әсерлердің балансының өзгеруіне 
қарай А. вегетативті көрсеткіштерде –
жүрек соғысының жиілігі, тері қар-
сылықтары, артериалды қысым, ты-
ныс алудың өзгеруінде белгіленген 
сапалық ерекшеліктері де өзгереді. 
А. ұзақ мерзімді – тоникалық және 
қысқа – физикалық болады. Оның 
жалпы сипаттамасы болып табылатын 
жүйке жүйесінің А. мен жеке ми құ-
рылымдарының А., сондай-ақ психо-
логиялық А. мен физиологиялық А. 
ажырату қажет. Активация: жеке-да-
ралық деңгей – әрбір адамның өзіне
тән А. деңгейі. Оның фонында адам-
ның әдеттегі іс-әрекеті жүзеге асады. 
Бұл деңгей – жеке-даралықтың таби-
ғи детерминациясы болып табыла-
ды. Активация: оптималды деңгей –
жүйке жүйесі күйінің мінез-құлық 
әрекетіне максималды сәйкес келу дең-
гейі. Осының салдарынан іс-әрекет 
үлкен тиімділікпен орындалады.
АКТУАЛАНДЫРУ
– 
актуалис 
де-
ген лат. сөзі. Мәселелер мен құбылыс-
тардың мән-жайын ашып көрсетіп, 
нақты іс-әрекетке айналдыру

А. пси-
хологияда бұрын әсер еткен бейнелер-
ді есте тиянақты сақтау

А. бейнелер 
мен қимыл-қозғалыстарды, ой жүйесі 
мен айтылған сөз тізбегін анық жаң-
ғырту әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет