Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет29/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АҚНИ
АҚТА


29
Өлімге жүрміз бас байлап... Жуылмай 
қастың қанымен, Намысқа тиген кір 
кетпес.
Ауыр жеңілістерді, дүркірей қашқан 
босқыншылықты көзімен көріп, ой-
рат басқыншыларына қарсы күресті 
ұйымдастырушылардың алдыңғы са-
пында жүріп, елге ұйытқы болған 
Ақтамберді жырау өз заманының та-
лабын, өз ортасының тілек-мүддесін 
білдіріп, бүкіл қазақ болып атқа қо-
нуды, сөйтіп, дұшпанға қирата соққы
беруді армандайды. Ақын толғаула-
рынан алға қойылған айқын мақсат, 
оны жүзеге асырудың жолдары, нақ-
ты жоспарлар, келешектен үміттену 
(«Үмітім бар ақырдан»), асқақ арман 
көрінеді. Ерте есейген, көргені мен 
түйгені көп, өмір тәжірибесі мол Ақ-
тамберді жырау халқының келешегі 
жайлы көп армандаған.
Жырау арманы – халық арманы. Ас-
тына арғымақ мініп, ақ кіреуке сауыт 
киіп, қоңыраулы, жалаулы найза кө-
теріп, көп қолмен жауға тиісу, оны 
дүркіретіп қуу, сөйтіп, туған жерді 
дұшпаннан азат ету – сол кездегі әр-
бір қазақ баласының асыл арманы 
болды. Жырау халықтың басына ауыр 
күн туған жағдайларда да олардың 
жарқын болашақтан күдерін үздірмей, 
жаудан үдере қашқан елге зор қуат 
береді. Жұртты жауға қарсы жаңа 
күреске, жеңіске жұмылдырады. «Ар-
маны жоқ жігіттің дәрмені жоқ» де-
гендей, осындай асқақ арман тек Ақ-
тамберді жырау секілді ерік-жігері 
күшті, қайсар мінезді адамнан ғана 
табылатын қасиет. 
Халқымыз ежелден ақкөңіл қонақ-
жай, меймандос ел болған. Мейман-
достық – бейбітшіліктің символы 
іспеттес. Көшпенді ата-бабаларымыз 
қашанда бейбітшілікті аңсаған. Өз 
бетімен ешкімге ұрынбаған. Той-думан,
ас беру, қыз ұзату т.б. осындай ұлы 
жиындарда салтанат шеруі бірінен-бі-
рі асып түсіп, ақ дәм, ақ дастарқан 
жаюлы тұрған. Ұлттық психология-
ның осы жағы Ақтамберді толғаула-
рындағы басты тақырыптың бірі сияқ-
ты. Мұны төмендегі жолдардан жақ-
сы аңғаруға болады. 
«Ойпаң жерге он 
отау, Қыраң жерге қырық шатыр ті- 
гіп, Қонағымды жайғасам! Пышақтан 
малым кетпесе, Қазаным оттан түс- 
песе, Ауылдан топыр үзілмей, Ошақ- 
тың оты өшпесе, Он кісіге жараса, 
Бір кісіге арнап тартқан табағым».
Патриархалдық-феодалдық қазақ қо-
ғамының бел баласы Ақтамберді 
бірде: «...Бұлаңдап жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер», – деп жыр-
лайды. Көшпелі қазақ елі үшін өмі-
рінің қуанышы, тіршілік көзі болған 
мал тақырыбына Ақтамберді өз тол-
ғауларында қайта-қайта оралып соға 
берген. Жырау ұғымында халқымыз 
үшін мал асылы – жылқы. 
«Жылқыдан 
асқан мал бар ма? Биенің сүті сары 
бал, Қымыздан асқан дәм бар ма? Же- 
ліде құлын жусаса, Кермеде тұлпар бу- 
санса, Сәні келер ұйқының, Жылқы 
қолдан тайған соң, Қызығы кетер күл- 
кінің»
, – деп «Сары балдай» дертке да-
уа, шипалы сусын қымызды, жемесең 
түсіңе кіретін жылқы етін ер жігіттің 
жан серігі, ең жақын досы болып та-
былатын сәйгүлік тұлпарды ақын те-
бірене жырлайды.
Мәселен, сәйгүлік, тұлпар, арғымақ се-
кілді жылқының өзіне тән қасиеттері 
жайлы «от басар орны отаудай», «ор 
қояндай қабақты», «сапты аяқтай ерін-
ді», «омырау еті есіктей», «ойынды 
еті бесіктей» деген теңеулерді жылқы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет