Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет32/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АҚЫЛ
АҚЫЛ


32
Ойдың ұшқырлығы қажетті жағдай-
да барлық ақыл күшін бір нүктеге 
жұмылдыруға ойлаудың жоғарғы бел-
сенділігін тудыру қабілетіне байланыс-
ты. Ойдың ұшқырлығы сондай-ақ 
мәселенің барлық жағын көруге мүм-
кіндік беретін ойдың кеңдігіне де, 
тоқтамның дұрыс тәсілдеріне қайтадан 
оралып, уақыттың зая болуынан сақ-
тайтын ақылдың икемділігіне де бай-
ланысты. Ол түрлі жорамалдарды тез 
сынап, олардың жарамсыздарын алып 
тастап отыруға мүмкіндік беретін ой-
дың сыншылдық қабілетінің жоғары 
дамуын талап етеді. 
Ойдың ұшқырлығына қарама-қар-
сы асығыстық ой жұмысының жалқау-
лығынан болады. Ол адамды сына-
лып біткен гипотезаларға сеніп, ауыр 
ой жұмысынан құтылу үшін кез-
келген тоқтаммен, берілген мәселенің 
тек бір бөлігіне ғана негізделген тоқ-
таммен келісуге итермелейді. Оның 
асығыстығымен күресе білу – ақыл-
дың жақсы сапаларын дамытудың қа-
жетті шарты.
АҚЫЛ-ОЙ ӘРЕКЕТІН ЖОСПАР-
 
ЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯ-
 
СЫ
– ғалым-психолог П.Я.Гальпе-
рин жасаған және оның шәкірттері 
дамытқан тұжырымдама. Бұл ақыл-
ойдың алдын ала белгілі жоспар бо-
йынша біртіндеп, сатылап берілген бі-
лімді, икемділікті және дағдыны да-
мытудың жалпы психологиялық негіз-
дерін қарастыратын теория.
АЛАМАН
– қазақ түсінігінде, ала-
мандық басқаларға бағына қоймай-
тын бәсекелестік, бейресми топтың бір
түрі. Ол ру менмендігінің сипаты, яғ-
ни әр рудың анадайдан бадырайып
мінездің акцентуациясы секілді бесе-
неден байқалып тұратын көрінісі. Қа-
зақтың әлеуметтік-психологиялық 
ұғымдарының бірі, елдің сана-сезі-
мінен гөрі рулық, тайпалық мүддені 
жоғары қоятын, менмендігі күшті 
ұйымшыл топтың атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет