Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет30/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АҚТА
АҚТА


30
ның өзіне тән ерекшеліктерін бес 
саусағындай білетін адамдар ғана ай-
та алады. Бұл халқымыздың тікелей
еңбек тәжірибесінің, мал шаруашы-
лығына орай қалыптасқан ұлттық пси-
хологиясының басты бір белгісі. Ақ-
тамберді толғауларында бұдан басқа
да тәрбиелік мәні бар ақыл-кеңестер 
аз емес. Осы орайда жырау көтерген 
мәселелерді топтастырсақ: бұларда 
жалғыз жүріп мұратқа жете алмай-
сың, қайда болсаң да көппен бірге 
көр; білімнен күшті ешнәрсе жоқ, 
білімнен сусындау, оған ынтықтану
адамның тіршіліктен көретін негізгі 
ләззаттарының бірі («Білімді туған 
жақсылар аз да болса көппен тең», 
«Білімді туған жақсыға залал қылмас 
мың қарғыс»), өмірден күдер үзбеу, 
келешекке үміт арту – ер жігітке тән
асыл қасиет («Үмітім бар ақырдан», 
«Орын тапқан ер жігіт жерсіз болар 
деймісің»); ата-ананы дұрыстап сый-
лай алсаң намысыңа кір келтірмей, 
мінезіңді тізгіндеп оны еркіне жі-
бермей жүрсең өз ісіңе ылғи да есеп 
беріп, алдыңа таудай талап қойып, 
тынбай әрекеттенсең ғана мақсат-
мұратыңа жете аласың деп түйіндей-
ді жырау («Әзір Мекке алдында, пе-
йіліңмен сыйласаң, атаң менен анаң-
ды», «Намысқа тиген кір кетпес», «Өз
мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар
ма»). Ақтамберді жастарға ел-жұр-
тыңды жан-тәніңмен сүй, бір-бірің-
мен тату, ынтымақты бол, сонда ғана 
ойлаған ойыңа, көздеген мақсатыңа 
жете аласың деп салауатты кеңестер 
береді («Бірлігіңнен айрылма, бірлік-
те бар қасиет, татулық болар береке, 
қылмасын жұрт келеке»).
Жау қолынан азат етілген қазақ же-
ріне жұртты орнықтыру жолында 
қарт жырау – ақын қажымай-талмай 
қызмет етеді, өз қол астындағы елге 
жер жыртқызады, егін салдырады. 
Зерттеуші М.Мағауиннің айтуынша, 
ол Шыңғыс, Аягөз, Қаракөл өңірінде 
тоған қаздырған («Нашар қайтып 
күн көрер егін салар құлқы жоқ, жо-
сып жүр әлі тоқтамай, мекен еткен 
жұрты жоқ... Талпынып салдым 
егінді»). 
«Бар арманым айтайын, Ба- 
тырларша жорықта, Өлмедім оқтан 
қайтейін, Ел аман болсын лайым»
, –
деп жырау жарық дүниеден кеткен-
ше үмітім бар ақырдан, деп ел бірлігін 
ойлап бейбітшілікті тілеп, туған хал-
қының мұң-мұқтажын жоқтап, қабыр-
ғасы қайысқан адамның сыңайын бай-
қатады.
АҚЫЛ – 
адамдардың сана-сезімін, 
жан-қуаттары мен қасиеттерінің жа-
ғымды жақтарын көрсететін мағы-
насы кең психологиялық категория. 
Қазақтың психологиялық ой-пікір қа-
лыптасу тарихында бұл ұғымға ақын-
жырауларымыз (Асан қайғы, Бұқар
жырау, Шал ақын, Дулат т.б.) ерекше
мән берген. Қазақ психологі М.Мұқа-
новтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 
1980) еңбегінде осы ұғымға терең 
психологиялық талдау берілген. Ға-
лым А-дың кең мағынада қолданы-
латынын қостай келіп, оны интеллект 
ұғымымен байланыстырады. Сөйтіп 
А. сана ұғымы секілді логикалық тұр-
ғыдан кең мағынада айтылатын не-
ше-түрлі деңгейлері бар ұғым болып 
табылады. Қазақ халқы бұл жағдайда 
адамдарды ақылды, ақылсыз деп қыс-
қаша бөліп қараған. Психология ғы-
лымында А. көбінесе ойлау процесі-
менен тығыз байланысты. Соның ішін-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет