Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет38/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЛТЫ
АЛТЫ


38
Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі 
шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбі-
рек тәуелді. Кінәның ең үлкені – ба-
ла жанының нәзік қылдарын дұрыс
сезе алмайтындарында. «Оқушылар-
дың түсінбеушілігін оқытушылардың 
өз кінәсы деп білмей, оқушылардың 
зер салмайтындығынан немесе топас-
тығынан» деп білетін оқытушылар-
дың қатты адасатыны айтпай-ақ тү-
сінікті, – дей келіп, ұлы ағартушы мұ-
ғалімнің жадына мына жәйтті мықтап
шегелейді! – «Ол кіммен істес болып
отырғанын, еш уақытта да ұмытпауы 
керек... егер балалар бірдемені түсін-
бейтін болса, онда оқытушы оларды 
кінәламауға тиіс. Ол балалармен сөй-
лескенде ашуланбай, жұмсақ сөйле-
уі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәр-
сені де ықыласпен түсінікті етіп түсін-
діруі керек, екі ұшты астарлы сөз, орын-
сыз терминдерді қолданбау керек». 
Алтынсариннің тәрбиеші ұстаздың 
жеке басы туралы айтқан пікірлері-
нің негізгі арқауы – тәлімгерлік жұ-
мыс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол ұстаз-
дан өте сезімталдықты, балаға деген 
сүйіспеншілікті, оның жанын жазбай 
тануды қажет етеді. Шәкірттерді сүйе 
білген оқытушы ғана қатаң талапты, 
әрі өнегелі, беделді тәрбиеші бола 
алады. Оның қазақ елінің жағдайында 
айтқан осындай тамаша ой-пікірлері-
не ерекше сүйсінесің. Профессор Т.Тә-
жібаевтің Алтынсаринді «Қазақстан-
дағы педагогикалық ойдың пионері» 
деген бағасының тайға таңба бас-
қандай, әділ баға екендігіне еш шүбә 
келтірмейсің. Өйткені басқа пікірлерін 
былай қойғанның өзінде ардагер пе-
дагогымыздың мұғалім жөнінде айтқан 
осы пікірлерінің өзі-ақ оны осылай 
деп атауға толық болатындығын айт-
тырмай дәлелдейді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқының 
жарқын келешегі үшін бар саналы өмі-
рін сарп еткен, халыққа қызмет етуден 
артық іс жоқ деп түйген, туған халқын, 
ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отан-
шыл азамат еді. Сондықтан да оның 
көптеген шығармаларында қазақ хал-
қының өзіндік психологиялық қасиет-
тері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы 
айтқандары ерекше назар аудартады. 
Алтынсарин қазақ халқының аса мал-
сақ, сонымен бірге мал бағу өнеріне 
аса жетік халық екенін айта келіп, 
оның ақыл-ой парасаты да жоғары, 
және ежелгі мәдениеті бар ел екенін 
талай рет атап өтеді: «Қазақтарға,- деп 
жазды ол,- осы дарынды, ақыл-есі мол 
халыққа қазір кешікпей тұрып рухани 
және қоғамдық даму жолына түсетін 
бағыт беру, қалай дегенмен аса қажет 
болып отыр».
Ыбырай қалың бұқараны, қазақ ең-
бекшілерін зор қадір тұтып, сыйлау-
шы еді. Ол осы бір қарапайым жан-
дардың еңбек сүйгіштігін, адалдығы мен
шыншылдығын, жинақылығы мен 
ақ ниеттілігін ерекше риза көңілмен, 
үлкен мақтаныш сезіммен: «Осы қа-
рапайым, ақкөңіл, ал кейде тіпті қы-
зықты адамдармен әңгімелесіп, көңіл-
ді көтересің», – деп жазды. Сол кездің 
өзінде-ақ Ыбырай халқымыз туралы 
бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көз-
қарастың бар екендігін жақсы тү-
сінді. Ол кейбір менменсіген орыс 
миссионерлерінің қазақ халқын кем 
тұтып, оған тілін тигізіп: «қазақ тен-
тек, қазақ қанішер халық» деген па-
сық ниетті оңбаған пиғылдарына 
бар ашу-ызасымен аяусыз соққы бе-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет