Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет39/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АЛТЫ
АЛТЫ


39
ріп, өз халқының ғасырлар бойы жи-
нақталған мәдени мұрасын, тамаша 
психологиясын мақтаныш етті. «Біз-
ді, – деп жазды ол, – өзгелер табиғаты-
нан ақылды, іскер халық деп ойлай-
ды. Осының шындығын іс жүзінде 
көрсетуіміз керек... Қазақ – табиғаты-
нан ақынжанды, дарынды халық», –
деп жазды Ы.Алтынсарин «Орынбор 
листогы» газетіне жазған бір мақа-
ласында.
АЛЫСТАН КөРГІШТІК
көздің 
жарық сәулесін дұрыс сындырмауы-
нан туатын ауытқулардың бір түрі. Бұл 
кемістік салдарынан бір заттан шық-
қан параллель сәулелер фокусы көз 
ішінде бағытын өзгертіп, сынғаннан 
кейін көз торының арт жағына түседі. 
Шын мәнінде, «алыстан көргіштік» 
деген сөз өз мағынасына сәйкес кел-
мейді, өйткені ондай адам затты алыс-
тан да, жақыннан да анық көре ал-
майды. Алыстан көруді рефракцияны 
күшейтетін дөңесті көзілдірік арқы-
лы жүзеге асыра алады.
АЛЬТРУИзМ 
– негізгі орталық мо-
тив немесе адамгершіліктік бағалау-
дың белгісі басқа адамның немесе әлеу-
меттік қауымның мүддесі болып та-
былатын тұлғаның құндылықтық бағ-
дарлар жүйесі. Басқалардың мүдде-
лерін ескеріп отыратын мінез-құлық, 
әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және
даралыққа кереғар мінез ретінде қа-
растырылады. А. термині француз 
философы О.Контпен эгоизм ұғымы-
на қарама-қарсы ұғым ретінде енгі-
зілді. А. негізгі идеясы – басқа адам-
дардың мүддесі, игілігі үшін атқа-
рылатын прагматикалық мақсатқа 
бағытталмаған іс-әрекет. А. адамның 
саналанған құндылығына айналып
оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды. 
Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасы-
на айналады. А. – абсолютизациялау
да оны мүлдем бағаламау сияқты те-
ріс ұстаным. А. адамдардың күнделік-
ті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс-
әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді 
іске асырудан тұратын әлеуметтік-
психологиялық феномен де болып та-
былады. А. іске асырудың механизмі 
болып (мысалы, өз өмірімен жан ке-
шумен баланы құтқару) нақты қауіпті 
жағдайларда жанданатын жағдаяттық 
альтруистік бағдар табылуы мүмкін.
АМНЕзИЯ
(грек. 
а 
– болымсыздық 
жұрнағы және
 
– қаз. 
жад, есте сақ- 
тау

– 
мидағы локалдық (бір бөлігі-
нің) зақымдалуынан пайда болатын 
адамның есте сақтау қызметінің бұ-
зылуы. А. мидағы тежелу, өшу заңды-
лықтарына байланысты немесе ми-
дың түрлі локалды зақымдалуынан 
пайда болатын, бірнеше минуттан 
кейде бірнеше жылға созылатын ес-
тің бұзылуын айтады. Көбінесе мидың
зақымдалуына немесе әртүрлі науқас-
тыққа, психиканың функцияларының 
бұзылуына байланысты болады. А.
ең ауыр түрлерін ең алғашында Кор-
саковский сипаттағандықтан, Корса-
ковский синдромы деп аталып кеткен.
А. бірнеше түрлері бар: 
Антиретрог- 
радтық А. – 
аурудың басталғанынан 
кейін немесе жарақат алғаннан кейін 
болған оқиғаларды есте сақтай ал-
мау. 
Инфантилді А. 
– өмірдің бастап-
қы кезеңдерінде – алты жастан сегіз 
жасқа дейінгі аралықта болатын А. тү-
рі. 
Истериялық А. – 
түбірі инфантил-
ді А. басталған кейбір невротиктер-
де кездесетін А. айрықша түрі. 
Қорға- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет