42
АНАМНЕз
– адаммен тиімді жұмыс-
ты ұйымдастыру мақсатында әртүрлі
әдістермен алынған ол жөніндегі мағ-
лұматтардың жиынтығы. А. ең алға-
шында
медициналық психологияда
қолданылған болатын. Психологияның
осы саласының өкілдері сол кездің
өзінде объективтік А. –
ауру адам-
ның айналасындағы адамдардан алы-
натын мағлұматтарды және субъек-
тивтік А. – ауру адамның өзінен алы-
натын мағлұматтарды бөліп көрсеткен.
Қазіргі кезде А. ұғымы медициналық
психология шеңберінен шығып, ауру
процесімен байланысынан босап, адам-
ның
жеке-дара даму тарихы деген
ұғымның синонимі ретінде қолданы-
лады. Анамнез ұғымының медицина-
дан алынуы, оның әдістерінің психо-
логияға тікелей ауысуы қажет деген
сөз емес. Мысалы, мектеп психологі
баламен жұмыс жасағанда, ол жөнін-
де негізгі ақпаратты жақындарынан,
ең алдымен ата-аналарынан алады.
Психологияда анамнездік мағлұмат-
тарды алудың бірнеше түрлері бар:
1) Объективті анамнезде мектеп пси-
хологі бала жөніндегі мәліметті ата-
анасынан, мұғалімінен және т.б. жа-
қын адамдарынан алады. 2) Субъектив-
ті анамнезде әңгімелесу баланың өзі-
мен өтеді. 3)
Қосымша ақпараттар-
ды – құжаттар, медициналық карта-
лар, мінездемелер, ведомостар, оқу үл-
герімі, күнделіктер, баланың іс-әрекет
нәтижелерін зерттеу. Тәжірибелі пси-
хологтың негізгі міндеті – психика-
лық дамудың белгілі бір жолын анық-
тайтын факторларды, яғни бала өмірі-
нің мәнді
оқиғалары мен жағдайла-
рын және олардың психиканың өз-
геруіне әсер ету дәрежесін табу.
АНАНЬЕВ БОРИС ГЕРАСИМО-
ВИЧ
(1907-1972) –
психология ғ.д.
КСРО Педагогикалық Ғылым акаде-
миясының толық мүшесі. Адамды ин-
дивид, тұлға, даралық ретінде қарас-
тырып, адамтанудың жүйелі моделін
құрастыруға ұмтылған кеңес дәуірі-
нің психологі. Горск педагогикалық
институтын (1928) бітіріп, өзінің ғы-
лыми ізденістерін ленинградтық реф-
лексологтардың қатарында, психоло-
гияның адамтану ғылымдарының бі-
регейі болып бекінуіне атсалысты.
Ол адамды биологиялық индивид ре-
тінде,
оның онтогенездегі даму жо-
лы, тұлғалық мәнге ие болуымен адам-
зат әлеміндегі орны, өзіндік даралы-
ғы туралы «Адам танымының ныса-
насы» (1969) атты еңбегінде жан-жақ-
ты қарастырады. 1967-1972 жж. ЛМУ-
де психология факультетінің деканы
қызметін атқара жүріп, көптеген пси-
холог ғалымдарды дайындады. Б.Ф.Ло-
мовтың айтуынша Ананьевтің талант-
тарды көргіштігі ерекше болған. Кеңес
психологиясының «алтын қорына»
Ананьевтің «Педагогикалық бағалау-
дың психологиясы» (1935), «Психоло-
гия очерктері» (1945), «Сезімдік тану-
дың психологиясы» (1960), «Түйсіктер
теориясы» (1961), «ХVIII-ХІХ ғғ. Орыс
психологиясы тарихының очерктері»
(1967), «Адам танымның пәні ретін-
де» (1969), т.б. еңбектері енді.
АНДРОГИНИЯ
(лат.
andro
s
– қаз.
еркектік, gynes
–
әйелдік)
– амери-
калық психолог С.Бем енгізген, өз бо-
йында ер адамға да, әйел адамға да
тән дәстүрлі қасиеттерді қатар үйлес-
тірген адамдарды сипаттау үшін
алынған түсінік – термин. А. ер адам-
Достарыңызбен бөлісу: