Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АНИМИзМ  (лат. anima – рух, жан) – адамдардың, жануарлардың өміріне,  АНДР



Pdf көрінісі
бет44/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АНИМИзМ 
(лат. anima – рух, жан) –
адамдардың, жануарлардың өміріне, 
АНДР
АНИМ


44
заттар мен қоршаған дүниенің құбы-
лыстарына ықпал ететін-міс аруақ-
тарға және рухтарға сену. Анимисти-
калық түсініктер алғашқы қауымдық 
құрылыста пайда болды. Өндіргіш 
күштердің даму дәрежесінің төмен-
дігі және осының салдарынан білім-
дер қорының болмашы ғана болуы
адамның табиғаттың жат, жұмбақ 
сырлы болып көрінген дүлей күште-
рінің алдындағы дәрменсіздігі А-
нің пайда болуының негізгі себебі 
болды. Қоғам дамуының белгілі бір 
сатысында бұл күштерді кейіптеу 
оларды игерудің формасы болды. Ани-
мистикалық түсінік бертінгі діни се-
німдердің түп төркіні.
АНКЕТА
– зерттеудің негізгі мін-
детімен логикалық түрде байланыс-
ты сұрақтар жүйесінен тұратын ал-
ғашқы әлеуметтік-психологиялық ақ-
параттарды алудың әдістемелік құ-
ралы. А. сұрау арқылы адамдардың 
үлкен топтарынан ақпарат алуға мүм-
кіндік береді. Едәуір шынайы нәти-
желер А. сұрақтарының дұрыс құрас-
тырылуы және таңдамалы жинақтың 
жалпы популяцияны дұрыс бейнеле-
уі нәтижесінде алына алады. А. құрас-
тыру – зерттеудің негізгі болжамда-
рын сұрақтар тіліне ауыстыру – күр-
делі әрі көлемді еңбекті қажет ететін 
процедура. А. сұралушыға қатысты 
шынайы және мәселеге орай маңыз-
ды мазмұнды алуды қамтамасыз етуі 
қажет.
Ғылыми құнды анкетаны құрастыру –
көбінесе ұжымдық жұмыс. Құрасты-
рудың бірінші кезеңі – А. мазмұнын 
анықтау. Ол сұралушының өмірлік 
тіршілігінің фактілері (оның білімі, 
азаматтық күй-қалпы, оның өткен 
шақтағы және қазіргі шақтағы әрекет-
тері және т.б.) жөніндегі сұрақтардың 
жиынтығы болуы мүмкін. Егер, со-
нымен қатар, пікірдің қарқындылы-
ғын білу қажет болса, онда сұрақтар-
ға бағалау шкаласы қоса беріледі. 
А. құрастырудың екінші кезеңі – сұ-
рақтардың қажетті түрін таңдап алу. 
Сұрақтар ашық болуы мүмкін. Ашық 
сұрақтар мазмұны мен формасы бо-
йынша сұралушының қалауына сай
жауапты беруге мүмкіндік береді. Жа-
бық сұрақтарда тек «иә» немесе «жоқ» 
деген жауаптарды беру талап етіледі. 
Функциялары бойынша сұрақтар не-
гізгі немесе қосалқы, қадағалаушы не-
месе нақтылаушы және т.б. болуы мүм-
кін. Сұрақтың түрі жауаптың толық-
тығына және шынайылығына әсер 
етеді. Сұрақтардың құрылымына ке-
летін болсақ, олар қысқа, мағынасы 
бойынша анық, қарапайым, нақты 
және бірмәнді болуы қажет. А. құрас-
тырудағы жиі кездесетін қателер: 1) жа-
уаптың жасырын мәні; 2) тым қатты 
детализациялау; 3) сұрақтардың екі-
мәнділігі; 4) сұрақтардың бір-бірінен 
айқын ажыратылу күшінің аздығы. 
Жақсы сұрақтар сенімділік пен валид-
тіліктің әдеттегі критерийлеріне сәй-
кес болуы қажет. А. құрастырудың 
соңғы кезеңі – қойылатын сұрақтар-
дың саны мен ретін анықтау. Сұрақ-
тардың бірізділігі анкеталық сұрау-
дың түріне сәйкес әртүрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет