Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет52/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АРСЫ
АРХЕ


52
лады. Бұл орайда осы процестің іш-
кі себептік, ықтиярсыздық, демоника-
лық сипаты болады. А. аналитикалық 
психологияның негізгі ұғымдарының 
бірі. Ұрпақтан-ұрпаққа көшіп оты-
ратын бейнелер байланыстарының тә-
сілі. А.Юнгтің пікірінше, адам психи-
каларының жасырын бейсанасын көр-
сететін психиканың құрылымдық эле-
менті. А. әр этностың өз өмір салтын 
сақтап отыруға тиісті құндылықтары-
на тәуелді.
АСАН ҚАЙҒЫ – 
ақын, жыраулар-
дың ішінде өзінің терең толғаныста-
рымен жұртшылыққа кең танылға-
ны – Асан қайғы. Оны қазақ даласы-
ның ұлы ойшылы, халқымыздың қо-
ғамдық саяси, әлеуметтік ой-пікір-
лерінің көш бастаушыларының бірі 
десек артық бола қоймас. Қазақ хал-
қының өз алдына дербес ел болу үшін 
бас құрай бастаған кезеңінде Асан 
қайғы сынды ойшыл тұлғаның дүние-
ге келуі де заңды еді. Зерттеушілер 
Асан қайғы Алтын орданың ыдырау 
дәуірінде өмір сүрген, Жәнібек, Ке-
рей хандардың айналасында болған 
дейді. Бір кездегі ғұлама ғалымымыз 
Ш.Уәлиханов оны көшпенді ноғай –
қазақ ұлысының ұлы философы» 
деген еді. Академик М.Әуезов Асан 
қайғыны «халық мұңын арман етіп 
алысты меңзеген... өзі үшін емес, елі, 
жұрты үшін іздеген Асан ел қамқо-
ры» деді.
Қазақ аңыздарында Асан – құтты 
қоныс, жақсы жайлау іздеп дүние кез-
ген жиһангер, халқының сол кездегі 
хал-ахуалы мен келешегін тебірене 
сөз еткен жырау. М.Әуезов айтқандай, 
Асан халық тілегінің жоқшысы. Асан 
қайғысы о дүниені, ақырет жайын 
ойлағаннан туған қайғы емес, оның 
мәні бүкіл қазақ жұртының ортақ 
мұңымен байланысып жатыр. 
Асан қайғы қазақ қоғамының прог-
ресі үшін барша жұртты бай, кедей
деп бөлмей адамгершілікке баулудың 
аса қажет екендігін айтады. Ол адам-
дардың мінез-құлқының жақсаруын 
қоғамда қажетті, ең негізгі фактор 
деп санайды. Адам бірі мен бірі тату, 
бейбіт өмір сүріп, өз мұқтаждарын 
толық қанағаттандыру үшін әрекет 
етуі тиіс, бұл үшін ол өзінің жеке ба-
сын үнемі жетілдіріп отыруды ойлас-
тыруы қажет. Оның ойынша, адам-
ның мінез-құлқы жақсы болуы үшін 
ол айналасындағыларға аяныш біл-
діруі, қамқорлық жасауы тиіс. Адам
әрқашанда әділ, қанағатшыл, кіші-
пейіл, ұстамды болып, басқаларға нұқ-
сан келтірмейтіндей дәрежеде тәр-
биеленсін. Өзіне қажетті игіліктерді 
жасау арқылы ғана адамның қолы 
бақытқа жетеді, сонда ғана оның ба-
сына бақ қонады. Әрине, Асан қайғы 
адамдардың салт-санасы қоғамдық 
әлеуметтік зұлымдықтардан туындай-
тынын біршама аңғара алғанымен 
олармен күресудің жолдарын қоғам-
ның таптарға бөлінгендігін анық ұға 
алмады. 
Асан қайғы туралы деректердің бар-
лығында да оны Жәнібек хандығы 
тұсында өмір сүрген, сол хандыққа 
қараған қазақ елінің жоғын жоқтаған 
ойшыл жырау ретінде көрсетеді. Зерт-
теушілердің (Ш.Уәлиханов, Г.Пота-
нин, Қ.Халидов, С.Сейфуллин, С.Мұқа-
нов, Б.Кенжебаев, М.Бяткин, Ә.Мар-
ғұлан, Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, М.Фети-
сов, X.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, т.б.) 
айтуынша, Асан қайғы толғауларын-
да негізінен мемлекеттік, елдік мәсе-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет