54
үлкен өнер деп ой тастайды ақылгөй
жырау.
Асан қайғының қайтпас, қажырлы
қайраты бәрінен бұрын өзінен кейінгі
ұрпақ мүддесіне арналды. Сондықтан
да халқымыз Асан қайғы айтты деген
аталы сөздерді әркез қастерлеп еске
тұтады. Халық даналығының заңды
мирасқоры Асан толғауларының тәр-
биелік мәні зор.
АССИМИЛЯЦИЯ
– ұлттың немесе
оның бір бөлігінің басқа ұлттың тілін,
мәдениетін қабылдауы немесе ұлтсыз-
дануы. А. кеңестік ғылыми әдебиетте
табиғи және күшпен ассимиляциялау
деп екіге бөлінді. А-ның қай түрі де
зорлық, өйткені өз еркімен ұлттық
қасиеттерінен айырылуға келісетін
ұлт жоқ; А. бір халықтың басқа ұлт-
тармен тілдерін, мәдениеттерін, ұлт-
тық өзіндік саналарын жоғалтқан-
дарына байланысты еніп, соның нә-
тижесінде ұлттық-психологиялық
ерекшеліктерінің трансформацияла-
нуынан көрініс береді.
АССОЦИАНИзМ
– психикалық үр-
дістердің динамикасын ассоциация
принципімен түсіндіретін әлемдік
психологиялық бағыттарының негіз-
гі түрлерінің бірі. Сырттай көрінбей-
тін себептердің негізінде пайда бо-
латын кейіптер (бейнелер) ассоциа-
цияның жемісі деп алғашқы рет Арис-
тотель ассоцианизм постулатын ұсын-
ған. Субъекттің санасындағы фено-
мендер байланысын ассоциация прин-
циптерімен қарастырғандар Дж.Бер-
кли және Д.Юм, ал материалистік ас-
социация жүйесін жасаған Д.Гартли.
Нейрофизиология мен биологияның
жетістіктерін А. түсіндіруде пайдалан-
ғандар Г.Гельмгольц, эмоцияны түсін-
діруде – Ч.Дарвин, бас миының реф-
лексін оқытуда – И.М.Сеченов. ХVIII-
ХІХ ғасырларда психикалық құбы-
лыстарды түсіндіруде жетекші орын-
да болды. XIX ғ. ассоциацияның маңыз-
дылығын және қалыптасу жағдайла-
рын зерттеген Г.Эббингауз, Г.Мюл-
лер т.б. Қазіргі заман психологиясын-
да әртүрлі психикалық үрдістердің
ерекшеліктерін көрсету мақсатымен
ассоциацияларды зерттейді (әсіресе
мағыналық ассоциацияның оқытуда-
ғы рөлін).
Достарыңызбен бөлісу: