Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АРИСТОТЕЛЬ СТАГЕРИТ (384-



Pdf көрінісі
бет50/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АРИСТОТЕЛЬ СТАГЕРИТ (384-
 
322)
– жан құбылысының «функцио-
налдық» анықтамасын алғаш жаса-
ған ежелгі грек философы (жан тәннен
бөлінбейтін мән: жан тәннің мәні, 
оның мақсаты, формасы мен функ-
АРАз
АРИС


50
циясы), жан туралы алғашқы арнайы 
психологиялық трактаттың авторы. 
Ол психикалық процестер туралы көз-
қарастарды жүйеге келтіріп, өзінің 
жан туралы идеясын негіздеді, оның 
үш түрі (өсімдіктер, жануарлар және 
адамдар) болатындығын айтты. А-дің
танымдық және аффективті-еріктік 
процестерінің заңдылықтары туралы 
ілімі XVII ғасырға дейін жан туралы 
зерттеулердің негізгі арқауы болып, 
әрі қарай психиканы зерттеуші бас-
қа ғұламалардың еңбектерінде жал-
ғастырылды.
АРЛАНУ
– адамның имандылық се-
зімдерінің бірі. А. – адамның өзінің 
оғаш қылығына намыстанып, оны ұят-
сынуы. Арлы болу («жарлы болсаң да, 
арлы бол») – өте жарасымды сипат. Бұл 
көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, 
көздеген мақсатына жетпей тынбай-
тын адамдарға тән қасиет. А. – адам-
ның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан 
қадамы үшін өзін-өзі жазғырып өкі-
нуі, ренжуі секілді көңіл күйінің өзге-
руінен жақсы байқалады. Ар-ұятты 
қастерлеу, намысқойлық – жұртшылық 
алдында өзінің жауапкершілігін арт-
тыруға жәрдемдесетін сындарлы қа-
сиет. А. адамды іштей тебіренте тол-
ғандырып, қоғам алдында ар-ожданын 
таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, кі-
сінің азаматтық борышын адал, мінсіз 
атқаруға итермелейді.
АРМАН
– қиялдың келешекке ба-
ғытталған ерекше бір түрі. Оның 
негізінде дербес жаңа бейнелер құры-
лады, бірақ арман әрдайым болашақ-
ты көздейді және адамның аңсаған 
тілегін білдіреді А-ның екі түрі бар: 
пайдалысы 
және 
зияндысы. 
А. адам қия-
лының ерекше бір түрі. А. актив әре-
кетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүд-
демізге орай бейнелер жасау, игі мақ-
сат-мүддемізді іс жүзіне асыруды 
қиялдау. А. – келешектегі әрекеттерге 
арналған қиял. А. – шығармашылық 
қиялға дайындықтың ерекше сатысы. 
А-ды бағалауда ескеретін жайттар:
а) арманның әрекетке қатысы; ә) шын-
дықпен жанасуы; б) оның келешек үшін 
мәні. А. – өз қалауымызша ойда жаңа 
бейнелер туғызады. Шығармашылық 
қиялдың ерекшелігі – іс-әрекетпен ті-
келей байланыспай келешекке бағыт-
талғаны. Оны шығармашылық қиял-
дың дайындық сатысы дейді. Адам 
болашағы үшін күресудің орнына 
бос лағып, құрғақ қиялға сүңгісе мақ-
сатына жете алмайды. Енжар, селсоқ 
адамның қиялы сүреңсіз келеді, оны 
көбінде мұң басады. Ол жарқын бо-
лашақ үшін күреспейді, тек мойнына 
су кеткен кісідей мүлгіп отырады 
да қояды. Қиыны да, қызығы да мол 
өмір ондайларды қызықтырмайды, 
бос қиялға салынған кісі өмір ауырт-
палықтарын, мұндағы қуаныш, қай-
ғы-қасірет дегендерді жөндеп түсін-
бейді, тек құрғақ қиялға салынып 
жүре береді. А. – жастарға қажетті қа-
сиет. Олар жарқын болашағына иман-
дай сеніп, дұрыс армандай білуі қа-
жет. Өйткені, алға қойған мақсатқа же-
ту үшін шындыққа орайлас арман-
дағанда ғана, ол адамға зор қуат бе-
ріп, келешектегі іс-әрекетке талпын-
дырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет