Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет49/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АПАТ
АППЕ


49
сін көрмеген, атын естімеген бір пә- 
ле көрінді. Алғашқы көрген кезде «жал- 
мауыз» дедім. Нобайы адамға ұқса- 
майды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. 
Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі 
бойы – қол сұғымдай шашы бұр- 
қырап тұр.. Көзіме түскен әсіресе қор- 
қынышты жері – аузы. Ырсиып, от 
болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр 
екен. Аузынан кәдігідей от бүркіп 
тұр... өзге еш жері көрінбейді. Қа- 
раңғы бұрышта қып-қызыл от болып 
жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған 
тіс қана көрінгендей болды.., тұрайын 
десем, буынымды баса алатын емес- 
пін... ақырып келіп, иығымнан бас 
салды...»
.
Жын-шайтан, пері, албасты дейтін 
ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт 
ішінде осындай «керемет» көріністерді 
туғызған жауыннан паналап жүрген 
екінші бір адамның әлсін-әлі жағып 
жүрген сіріңкесі екен. «Қорыққанға 
қос көрінеді» деген мәтел осындай 
адамдардың психологиясын өте жақ-
сы көрсетеді.
АРАзДАСУ
– мінез-құлықтағы өш-
тесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты 
жағымсыз қылықтар. А. «араз», «араз-
құраз», «дүрдараз», «дүрдей-дүрдию»
дейтін мінез көріністерінен байқала-
ды. А. өш, қас, тату еместікті білдіре-
ді. А. – өштесу, қастасу, ренжіп ұры-
су әрекеттерінің айғағы. А-дың ша-
рықтау шегі өштесіп-қастасып ұрысу, 
кейде тіпті аяғы төбелеспен бітеді. 
Араздасқан адамдардың ұнамсыз 
әрекеттері сырт пішіндерінен, көзқа-
растарынан, сөз саптауларынан бай-
қалады. Басараздық – жеке адамдар 
арасындағы өшпенділік. Психология-
да А-ды адамдардың өзара жете тү-
сінбеу салдарынан туындайтын адам-
гершілікке жат қылықтар деп санайды.
АРАЛЫҚ МИ
барлық омыртқа-
лы жануарлар мен адам миының бір 
бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктері-
нің артқы бөлігінен дамиды. Аралық 
ми орта мидың алдында тұрады. 
Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, те-
рі, ет және сіңір рецепторларының 
импульстер келіп, одан әрі мидың бас-
қа бөліктеріне тарайды. Бұл мида ор-
ганизмдегі су, тұз, көмірсу, май ал-
масуын және дене жылылығын жә-
не т.б. бірқатар физиологиялық құ-
былыстарды реттеп тұратын веге-
тативтік жүйке орталықтары бар.
АРАМзАЛЫҚ
адам мінезіндегі 
қараниеттілік, зұлымдық, бұзықтық-
тан туындайды. А. мінездің көрініс-
терін сұм, залым, ішмерез деп те атай
береді. А. пен өтірікшілік егіз қозы-
дай жаман қасиеттер. Халық даналы-
ғының «Арамзаның құйрығы бір-ақ
тұтам» дейтін мәтел осыдан қалған. 
А. арам ниет, арам ой-пікір арқылы 
көрінеді. А. мінез-құлықтың ұнамсыз, 
жексұрын сипаты ретінде адамның 
кісілік қасиеті мен азаматтық тұлға-
сын бағасыздандыратын келеңсіз 
қасиеттер. Құдай тыйым салған қы-
лық, іс мағынасында араб тіліндегі 
«haram» сөзінен сын есім жұрнағы 
арқылы жасалған жиренішті мінез-
құлық атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет