57
АСТЕНИЯ
(грек.
astheneia
– қаз.
әл-
сіздік
)
–
өте
қатты шаршап-шалды-
ғу, жадап-жүдеу, көңіл күйдің тұрақ-
сыздығының ақырғы шегі, ұйқының
бұзылуы кезінде байқалатын жүйке-
лік-психологиялық әлсіздік. А. – жүй-
ке мен психиканың шаршап болды-
руы салдарынан әлсіреп нашарлауы.
Ағза жұмысының қабілетінің төмен-
деуі (әлсіздік, күшсіздік, шарасыздық,
әуестік, дәрменсіздік), адам ауырған-
да немесе демалыссыз көп уақыт ең-
бек еткенде болатын жүйкелік – пси-
хикалық әлсіздік, дәрменсіздік, сезгіш-
тігі төмендейді, көңіл күй тұрақсыз-
данады. А. кезінде қатты қажу, көңіл
күй тұрақсыз болу, сезгіштік қасиет
төмендеп, ұйқы бұзылады.
Қатты
шаршағанда немесе жүдегенде пай-
да болатын жүйкелік-психикалық дәр-
менсіздік. А. әртүрлі сырқаттың және
ақыл-ой мен дененің шамадан тыс
қызмет атқарғанда, дау-жанжал және
қайғылану
жағдайында да көрініс
береді. А. әртүрлі ауру-сырқаулар,
сондай-ақ ой
және дене еңбегімен
шектен тыс шұғылдану және ұнамсыз
күйзелістер мен қайшылықтардың
нәтижесіңде зорығудың пайда болуы.
АСЫЛБЕКОВ ӘБДІРАХМАН
(1903-
1970)
–
қазақ психологі. Қазіргі Ал-
маты облысы, Жамбыл ауданының Қа-
ракестек
ауылында шаруа отбасын-
да дүниеге келді. Сауатын ауыл мекте-
бінде ашып, кейіннен орта және жоға-
ры оқу орындарында оқиды. Өмір жо-
лын 1928 жылы Жетісу халық ағарту
жүйесіндегі мектеп инспекторлығы-
нан бастайды. Одан кейінгі жылдары
әр түрлі қызмет атқарады. 1930-34 жыл-
дары Шымкентте, кейіннен Өзбекстан-
дағы Қарасу балалар үйінде дирек-
тор болады. 1960 жылдан бастап өмірі-
нің соңғы күндеріне дейін Қазақтың
Абай атындағы Мемлекеттік педаго-
гикалық университетінің психология
кафедрасында қызмет атқарған. 1962
жылы Ташкентте «Мектеп оқушыла-
рында ынтаның қалыптасуы» атты
кандидаттық диссертация қорғаған. Ол
педагогикалық және жас психология-
сының төңірегінде көптеген еңбектер
мен мақалалардың авторы. Олардың
кейбірі: «Оқушылардың ынтасын тәр-
биелеу» (1965), «Бала тәрбиелеудегі
семьяның рөлі» (1966) т.б.
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ
– адам мінезін-
дегі
мансапқа, даңққа қызығушы-
лық, өркөкіректік пен өзімшілдік қа-
сиет. А. адамның өмірі мен тіршілі-
гінде, күнделікті қарым-қатынасында
мансап құмарлық деп те атала береді.
Ол адамның бойындағы іскерлігімен,
білімімен, қабілетімен санаспай, қа-
лайда басшы қызметке қол жеткізуді
мақсат тұтады. Әкімдік арқылы жо-
ғары дәрежеге көтерілуді көздейді. А. –
қызметі мен беделі жоғары адамдар
арасында өзін өзгелерден ерекше көр-
сету үшін
болып отыратын жағым-
паздық қылықтар. Көңіліне ұнамаған
адамдар жайында өтірік-өсек әңгіме
тарату арқылы күншілдігі мен қызған-
шақтығын әрдайым білдіріп отыра-
ды. Ондай адамның сөзіне ергендер
опық жеп, артынан қателескенін аң-
ғарады. Баянсыз болған ісіне өкінеді.
А. – адам мінезіндегі жағымсыз сипат.
АТРИБУЦИЯ
–
қабылдау өрісінде
жоқ сипаттамаларды әлеуметтік
объектілерге (адамға, топқа, әлеумет-
тік қауымға)
балаудың әлеуметтік-
психологиялық механизмі. А. қажет-
Достарыңызбен бөлісу: