59
сілдері құрастырылды. Отандық пси-
хологияда бұл мәселенің әлеумет-
тік құрастырылуы іс-әрекет процесі-
нің А. жанамаланатыны жөніндегі
әдіснамалық принципі негізінде жү-
зеге асырылуда. А. топ мүшелерінің
бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәт-
сіздіктер үшін өз жеке жауапкершілі-
гін мойнына арту мен қабылдау құбы-
лысы ретінде де зерттеледі. Осылайша,
жоғары дамыған топтарда, ұжымдар-
да – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым
мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.
АТРОФИЯ
– сему, кему (бір мүшенің
сезгіштік қасиетінің кемуі). А. деп әр-
түрлі жағдайлардың (қимыл-қозға-
лыстың жоқтығынан, психикалық күй-
лердің төмендігінен) әсерінен психи-
ка функциясының тозуын, азғында-
луын және кемуін атайды. А. – орга-
никалық құрылымның дегенерация-
сы, солуы. Кейбір психикалық функ-
цияның күшінің болмауынан немесе
басқа да жағымсыз жағдайлардың
(ұзақ уақыттық стресс, шиеленістер,
фрустрация, наркотиктер, интокси-
кация және т.б.) әсерінен дегенера-
циялануы.
АТТИТЮД
– әлеуметтік белгіленген
бағдар, тұлғаның басқа адамдармен
қарым-қатынасы жағдайында белгілі
бір мінез-құлықты жүзеге асыруға
бейімділігі, даярлығы. А. термині бел-
гілі бір әрекетке физикалық немесе
ақыл-ойдың дайындық күйі: адам-
ның кейпі, фигурасы және т.б. ретінде
түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдар-
дағы бағдар ұғымын қолдану аме-
рикандық психологтар У.Томас, Ф.Зна-
нецкийдің аттарымен байланысты.
Олар бағдарды индивидтің әлеуметтік
құндылықтарға (ақша, атақ-мансап,
бөтен адамдарға, жақындарға және
т.б.) бейімділігі ретінде сипаттады.
Г.Олпорт (1935) бағдарды индивидтің
реакцияларына бағыттаушы және
динамикалық әсер беретін тәжірибе
негізіндегі психологиялық даярлық
күйі ретінде анықтады. Әлеуметтік түр-
де құнды бағдарлар белсенді теория-
лық және практикалық іс-әрекет ба-
рысында, білімдерді игеру, басқа адам-
дармен өзара әрекеттесу және қарым-
қатынас нәтижесінде қалыптасады.
АТТРАКЦИЯ
– жағымды эмоция-
ның негізінде бір адамның екінші адам-
ға қызығуы, құштарлығы. А. – адам-
дардың тұлғааралық қабылдауы жағ-
дайында бірінің бірі үшін сүйкім-
діліктің, тартымдылықтың пайда бо-
луын білдіретін ұғым. А. әлеуметтік
бағдарға жатады. Субъектіде А. оның
арнайы эмоциялық қатынасының (жа-
ғымды немесе жағымсыз) нәтижесі
болып табылады және басқа адамға
ерекше әлеуметтік бағдар ретінде кө-
рініс табады. Эксперименттік түрде А.
байланудың және достық сезімі қа-
лыптасуының механизмдері ретінде
зерттелінеді. Мұндай жағымды эмо-
циялық қатынас субъект пен қабылдау
объектісі сипаттамаларының өзара
ұқсастығынан, қарым-қатынас серік-
тері арасындағы жақындығы, олардың
жиі кездесуі, олардың арасындағы
ажырасу және т.б.; 2) өзара әрекетте-
су жағдайларынан (көмекшіл қаты-
нас, бірлескен іс-әрекет) және т.б.
болады.
Достарыңызбен бөлісу: