Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет55/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АССОЦИАТИВТІ АЙМАҚ
– ми 
қыртысының ой-түйсік және есте сақ-
тау аймағы. Таламустан келетін аф-
ференттік қозулар тек өздерінің
(сен-
сорлық) аймағына ғана барып қоймай, 
оның жанындағы (1-5 см) аймағына 
да тарайтындығы анықталған. Бұл 
аймақтың негізгі қызметі сезім мүше-
лерінен келген қозуды қорытып анық-
тау, ажыратып есте сақтау. Мыс: көру
орталығы сау болғанымен, оның жа-
нындағы ойлау, есте сақтау (ассоциа-
циялық) аймағы бұзылса, адамзатты 
көргенімен оның не екенін ажыра-
туы, тануы, салыстырып білуі нашар-
лайды.
АССОЦИАТИВТІК ПСИХОЛО-
 
ГИЯ
– Батыс ғалымдары (Ньютон мен 
Локк) ассоциативтік психологияны 
механикалық және сенсуалистік көз-
қарастарға негіздей отырып зерттеген 
болатын. Ассоциациялық қағидалар-
ды қолданудың өрісін көне замандар-
дағы Үндістан мен ертедегі грек ғұла-
малары да қарастырған. XVIII ғасыр-
дағы ассоциация нағыз детерминис-
тік сипат алып, дене үрдістерінің жиын-
АССИ
АССО


55
тығы атқаратын қызмет аспаппен (мә-
шинемен) істелетін әрекеттер сияқ-
ты болады деген ойға негізделді. А.п. –
психологияның мән-жайын филосо-
фиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ас-
социациялық принциптерге негіздей-
тін бағыттардың жиынтығы.
Психология тарихында ассоциация-
ны жалпы категориялық ұғым деңге-
йінде тұңғыш рет көтеріп дәріптеген –
ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757).
Ол психикалық үрдістердің бәрі ас-
социацияға сүйенеді деп түсіндірді.
Гартлидің «Адамды бақылау» деген 
еңбегі (1749 ж.) ассоциацияның ке-
ңінен тарап, өзекті ілім болып қалып-
тасуының бастамасы болды. Бұл ең-
бегінде ол көптеген психикалық үр-
дістерді жүйке жүйесінің толқуымен 
ұштастыра баяндап, адамның санасыз 
әрекеттерін материалистік тұрғыдан 
түсіндіруге әрекеттенді. Гартли адам-
ның саналы әрекетінің жемісі болып 
табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қа-
сиеттерін де анықтады. Оның зерт-
теулері – санасыз әрекеттің сырын 
түсіндіретін алғашқы материалистік 
тұжырым. ХVІІ-ХІХ ғасырлар ара-
лығында рефлекторлық теорияға не-
гізделген ассоциациялық бұрынғы 
тұжырым материалистік тұрғыдан 
нығая түсті, оның субстраты мен іш-
кі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун 
(1778-1820), Джемс Милль (1778-1830),
Дж.Ст.Милль (1806-1873) сияқты зерт-
теушілер қолдады.
Олардың көзқарастары бойынша, 
біріншіден, психика түйсік пен қара-
пайым сезім түрлерінен тұрады; екін-
шіден, ассоциация бойынша – бөл-
шектер алғашқы да, ал күрделі пси-
хикалық құрылымдар – елес, ой, се-
зім екінші деп саналады; үшіншіден, 
ассоциациялар осы екі топтағы пси-
хикалық үрдістер арқылы құрылады; 
төртіншіден, ассоциациялар күнде-
лікті тәжірибе арқылы санада жиі 
қайталанып отыру нәтижесінде бекіді.
Ассоциациялардың жасалу барысы 
биология мен жүйке физиологиясын 
зерттеу нәтижелерімен анықталады. 
Г.Гельмгольц (1821-1849) ассоциа-
цияның жасалуын сезім мүшелерінің 
қызметі деп санаса, ал Ч.Дарвин ассо-
циацияны эмоция арқылы түсіндірді. 
Орыс физиологі И.М.Сеченов (1829-
1905) ассоциацияның физиологиялық 
негізін бас миы рефлексінің қызметімен 
ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спен-
сер (1820-1903) оны психиканың фи-
логенездік дамуымен ұштастырып, 
жалпы психика дамуы мінез-құлық-
тың өзгеруіне бейімделеді деді. ХІХ ғ. 
80-90 жылдарында Г.Эббингауз (1850-
1909), Г.Мюллер (1850-1934) тәрізді 
басқа да психологтардың еңбектерін-
де ассоциацияның жасалу жолдары 
түрліше түсіндіріліп, бұл тұжырым 
одан әрі дамытылды.
Психологияның XIX ғасырдың орта 
кезіне дейінгі дамуында бұл ғылым-
ның дербестік сипаты айқындалып
оны зерттеушілер табиғи ғылыми не-
гізге жүгінді, физиологиялық зерттеу 
әдістерін қолданып, биологиялық үлгі-
ге иек артты. А.п. негізінен, Англия-
да өрістеп дамыды. Сөйтіп, өз алды-
на дербес бағыт ретінде қалыптасты. 
Бұл бағыттың материалистік те, идеа-
листік те ағымдары болды. Мате-
риалистік ағым психологиялық құбы-
лыстарды зерттеуге детерминизм прин-
ципін ендіруді көздеді. Ал XX ға-
сырда А.п. механикалық бағытты ұс-
танған бихевиоризммен ұштасты. 
Психологиялық мағынасы белгілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет