Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет56/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АССО
АССО


56
жағдайда екі не бірнеше психикалық
құрылымдардың өзара байланысты-
лығын білдіреді.
АССОЦИАЦИЯ
(лат. 
associatio 

қаз. 
қосылыс
)
 – 
1) неғұрлым жалпы 
мағынада – екі (одан да көп) элемент-
тердің арасындағы анықталған кез 
келген функциялық байланыс; 2) би-
хевиоризмдегі үйрену теориясында 
стимулдар (S) мен реакциялар (R) 
арасындағы байланыстар немесе бірі-
гу. Бихевиористер сол байланыстың 
табиғатын ұғуға тырысты; 3) қайсыбір 
стимул немесе оқиға әсерінен алын-
ған нақты психологиялық тәжірибе: 
мысалы, «ауыл» деген сөзді естіген-
де, бірнеше ассоциация пайда болады;
4) статистикада – бір айнымалыдағы 
өзгеріс дәрежесінің екінші айныма-
лыдағы өзгерістерге байланысты бо-
луы; 5) психологияда – сыртқы және
ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуі-
нен туатын адамның психикалық про-
цестері мен қимыл-әрекеттерінің бай-
ланысы.
А. адамның бұрынғы тәжірибесі не-
гізінде пайда болып, заттар мен құбы-
лыстардың кеңістіктік-уақыттық қа-
тынастары (кеңістік пен уақыт ішінде-
гі іргелестік ассоциациясы, мысалы, 
көктем мен жасыл шөптің шығуы) 
олардың ұқсастығын (ұқсастық ас-
социациясы, мыс., жапырақ сыбдыры 
мен сыбырласу) немесе қарама-қар-
сылығын (күн мен түн, кәрілік пен
жастық) бейнелеуі мүмкін. Объектілер 
арасындағы анағұрлым күрделі, мы-
салы, себептер мен салдар арасында-
ғы байланысты білдіретін ассоциа-
ция болады. Физиологиялық тұрғыдан 
қарағанда, А. екі немесе бірнеше ті-
тіркендіргіштің бір мезгілде немесе 
бірінен соң бірінің әсер етуінен туатын 
уақытша процесінде үлкен орын алады.
Білім алу – адамның бұрынғы тәжіри-
бесі мен жаңадан игерген түсініктері, 
ұғымдары арасындағы байланыс (ас-
социация) жасау процесі екені мәлім;
6) бір психикалық құбылыстың (қабыл-
дау, елестету) жаңғыруы екіншісінің 
пайда болуын ілестіретін олардың ара-
сындағы байланыс.
А. туралы ұғым ежелгі дүниенің фи-
лософиялық ілімдерінде қалыптасқан. 
Психологиялық ой А. фактісін жай 
ғана баяндап қоюдан (мыс., затты қа-
былдау оның иесінің бейнесін туды-
рады) оны организм ішіндегі про-
цестермен түсіндіруге көшті. Бұл – А. 
ұғымына детерминистік (лат. 
determi-
nare 
– психикалық құбылыстардың 
өздерін тудыратын факторларға заң-
ды әрі қажетті тәуелділігі) мағына бе-
реді: санада бейненің, әдетте, оған
шақыртқы болатын сыртқы тітіркен-
діргішсіз пайда болуы – денелік 
процестердің өткендегі тәжірибеде 
бекіген байланысының есебіне жат-
қызылды; бұл процестер, Аристотель-
дің айтуынша, олардың араластығы, 
ұқсастығы немесе кереғарлығы (кон-
траст) себепті жақындаса түсіп, берік 
бірлестіктер түзуі мүмкін.
Жанда үйлестік мүшелерінің бірі пай-
да болғанда, ол «автоматты түрде»
организмде жасырынған басқалары-
на шақыртқы болады. «Идеялар ас-
социациясы» терминін, ассоциацияны 
ақыл-ойға негізделген байланыстар-
ға қарсы қойған, Дж.Локк енгізді. А. 
туралы ұғым ХVIII-ХІХ ғасырлар-
дың философиялық жүйелері үшін бас-
ты ұғым болды. А-ның физиология-
лық негізі – 
шартты рефлекстер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет