Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет53/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АСАН
АСАН


53
лелер, қоғамдық ойлар қозғалып, кең
даланың сұлу табиғаты, жер байлы-
ғы, жан-жануары, географиялық жағ-
дайы, тұрмыс-тіршілігі сөз болады. 
Асан қайғы толғауларын оқып отыр-
ғанымызда, біз оны көбінде хан ай-
наласынан көреміз 
(«Ай, хан, мен айт- 
пасам білмейсің, айтқаныма көн- 
бейсің... Өзіңнен басқа хан жоқтай, 
өзеуреп неге сөйлейсің»). 
Бірақ осы-
ған орай, оны ханның шашбауын кө-
терген, сарай жырауы деуге болмайды. 
Ол қашан да ханға жағынбай, жарам-
сақтанбай, тура сөйлеген адам сияқ-
ты. Осы жайтты оның толғаулары 
жақсы аңғартады. Біздіңше, Асан қай-
ғы барша жұрттың, барлық көшпенді 
қазақ халқының мұң-зарын білдіру-
ші, жоқтаушысы. Оның есіміне жал-
ғанған «Қайғы» сөзі халықпен байла-
нысының белгісі іспеттес. 
Заман құбылысын, қоғам шындығын, 
байлық пен кедейліктің шығу тегін 
теңсіздік пен әділетсіздіктің шын 
сырын ұға алмағанымен де оның на-
ғыз гуманист ойшыл-жырау екендігі-
не шүбә келтіруге болмайды. Оның 
адам түгіл құрт-құмырсқа, жан-жа-
нуарға дейін жаны ашып, аяушылық 
білдіруі осы айтқанымызды дәлелдей 
түссе керек. 
(«Құйрығы жоқ, жалы 
жоқ құлан қайтып күн көрер, аяғы 
жоқ, қолы жоқ жылан қайтып күн 
көрер?!»).
Жырау толғауларында адам және 
оның қасиеттері, өмір сүрудің мақ-
саты, тіршіліктің қызығы іспеттес фи-
лософиялық мәнді тұжырымдар жиі
ұшырайды. Ел үшін еңіреген ерлерді 
дұрыс тани алмай, кімнің дос, кімнің 
қас екенін ажырата алмайтын кездері-
міз де болады деп тебіренеді жырау 
(«Ауылдағы жамандар, ер қадірін не 
білсін... Көшсе қона білмеген, қонса 
көше білмеген, айтқанына көнбеген, 
жұрт қадірін не білсін!»).
Жырау халқымыздың жас ұрпағын 
адамгершілік қасиеттерге баулып, олар-
ды кішіпейіл, көпшіл болуға, қара-
пайым да қайырымды болуға, әрі істі
кеңесіп істеуге, асып-саспауға, достың
көңілін қалдырмауға, өтірік айтпау-
ға, қандай жағдайда да адамға адам-
гершілік қасиеттің (кешірімді болу, 
ерегіспеуі, ұсақ-түйек нәрсеге бола 
босқа қырқыспау т.б.) ауадай қажет 
екендігін, мұнсыз өмір сүрудің маз-
мұнсыздығын, сайып келгенде, бар-
ша жұртты бірлікке, татулыққа көп-
шіл болуға шақырып, бір жеңнен 
қол, бір жағадан бас шығарған жағ-
дайда ғана ауызбірлігі күшті, кез-кел-
генге жем болмайтын іргелі ел болаты-
нымызды еске салады.
Қай заманда да халқымыз терең ой-
лап, тебірене сөйлеуге ерекше мән 
берген. Мұны ұрпақ тәрбиесіндегі не-
гізгі мәселе деп ұққан. Бұған Асан қай-
ғы да ерекше мән берген сияқты. Жы-
рау түсінігінде сөздің де сөзі бар, ай-
тылып сол жерде қалатын сөз бар да, 
ауыздан шыға сала ел аузына ілігіп, 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп сақталып, 
талай ғасырлар жасайтын сөз бар. 
Соңғысы мақал-мәтел түрінде кездесе 
ме, әлде даналық афоризм түрінде 
кездесе ме, немесе тұтас толғау түрін-
де кездесе ме, әйтеуір көзделген ны-
санаға дөп тиіп, жүрекке қозғау салып,
іске түрткі болып, адамды белсенді 
тіршілікке меңзейді. Тек шындық пен
әділеттілікті, халықтың мұң-зарын, 
арман-тілегін білдіре алса ғана сөз құн-
ды болады. Адамдардың күнделікті 
қарым-қатынасына, көңіл күйіне, жан 
дүниесіне орайлас сөйлей білу бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет