67
әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап
ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһар-
лы түрде көрінеді. Бойын А. – ыза кер-
неп, мейірімсіздік көрсету, өңі түнеріп,
жаман ниетті күй кешетін болса, адам
әр қилы жаман істерге барып жауыз-
дық әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл
жайт жоғары жүйке қызметіндегі
тежелу процесіне ерік бермей күшті
қозу процесінің ықпалында болды. А.
ықпалына көну адамның өз еркіне
ие бола алмай жағымсыз іс-әрекетке
ұрынуын білдіреді. Мұндайда адам-
ның бойын билеген көңіл күй А-ды
жеңіп, оған тежеу жасап, адам өзін
саналы түрде басқара алатын болуы
керек. Қазақта «Ашу – дұшпан, ақыл –
дос, Ақылыңа ақыл қос» деген нақыл
бар. Бойын А. кернеп, кек пен ызаға
булыққан адам қатыгездік істерге ұры-
нады. Өйткені оның бойын А. – ыза
билеп, кейде ол өшпенділік іс-әрекет-
терге баруы мүмкін. Ондай адам ашу-
шаң, ызақор, кекшіл, қараниетті, арам
ойлы болып келеді. А. – сезімдік-эмо-
циялық күй. Сезімді әр кезде ақыл-
ой, сана билейді. А-ын ақыл-санаға
билеткен адам білікті әрі байсалды.
ӘБЕСТІК
– мінез-құлықтағы өрес-
кел, қателік, білместік, ағаттық әрекет-
терден көрінетін ерсі сипат. Кісінің ар-
ұятына тиетін әдепсіздікті білдіреді.
Әбестік күнделікті өмірде мінездің
оғаш қылығы ретінде адамның кісілік
қасиеті мен тұлғалық сипатына сын
болып тағылады. Мұндай сипаттар
зиянсыз, зілсіз болғанымен сырт көз-
ден тыс қалмайтын ұнамсыз қылық.
Әбестік адамның жан дүниесіне шан-
шудай қадалатын жағымсыз қасиет
емес, бірақ адамның ары мен сезіміне
әсер етіп, кейде күлкі тудырады. Мі-
нез-құлықтағы кейбір әбестік көрініс-
терге жол бермеу үшін әлеуметтік ор-
та мен тәлім-тәрбие істерінің мақсат-
ты жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: