70
топқа кірмейді. Адамда ең алдымен
қоректендіру қуаты пайда болады. Бұл
адамдардың тәні яғни өсіп өнуге не-
гіз болатын дене бітімі. Адамның та-
нып білу қуаты да екіге бөлінеді.
Оның біріншісі – сыртқы жан қуаты
немесе оның түйсіктену
қуаты деп
аталады. Мұндай қабілет сыртқы
дүние заттарының сезім мүшелеріне
тікелей әсер етуінен туады.
Сыртқы
жан қуатының бес түрі бар. Олар –
көру, есту, дәм, иіс, тері түйсіктері.
Екіншісі – ішкі жан қуаты делінеді.
Бұларға еске түсіру, талпыну қа-
білеттері жатады.
Адамды жануар-
лардан ерекше бөліп тұрған қуат –
оның ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөй-
лей алу қабілеті. Фараби «Ізгі қала
тұрғындарының
көзқарасы туралы
трактат» дейтін еңбегінде жан құбы-
лысының түрлі көріністеріне жекелеп
сипаттама береді. Мәселен, ол адам
өмірінде қиялдың қандай рөл атқа-
ратыны жөнінде былай дейді: «Қиял
адамға аса қажет жан қуаты. Ол екі
түрлі міндет атқарады. Қиял арқылы
сыртқы дүние заттарының бейнелері
өңделіп, сұрыпталады, бір бейне екін-
шісіне қосылып,
одан жаңа бейне
жасалады. Екіншіден, ол ойлауға ма-
териал береді, түйсікпен қосыла адам
ойлауының терең, жан-жақты, орамды
болуына жәрдем етеді. Адамда түс
көру неден болады деген сұраққа да
Фараби тыңғылықты жауап берген.
Түс көру – адамның ояу кезіндегі шын-
дықта көрген, білген, естіген нәрсе-
лерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде
мұндай бейнелер адам ырқынан тыс
жүріп жатады, бұл қиялдың енжар
көріністері. Фарабидің түс көру тура-
лы тұжырымдарының қазіргі ғылыми
психологияның айтқандарымен та-
маша үндесіп жатқанына қайран қа-
луға болады.
Фараби
адамның тану процесі екі
кезеңнен тұрады дейді. Оның бірінші-
сі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қа-
былдау, ес процестері жатады. Түйсік –
дүниетанудың алғашқы көзі, бірінші
баспалдағы. Адамның есі мен елесінің
сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұ-
рыс түйсіктене алуына байланысты.
Ойлау дүниені әр қырынан тануға,
мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік
береді. Ойлау адам танымының екінші
басқышы, танымның жоғары сатысы.
Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты,
ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал
тіл әр ұлттың, әрбір халықтың өзін-
дік өрнегі. Жаттағаннан түсінген ар-
тығырақ. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып,
жалпы ережелер мен канондар жө-
нінде талдау жасауға мүмкіндік бе-
реді. Ғұламаның түсінігінше адамның
эмоция, сезім процестері жан қуаты-
ның дербес көрінісі болып саналмай-
ды бұлар психиканың қалған түрлері-
не әр береді, оларды қозғалысқа итер-
мелейді. Талпыну,
әсерлену қуаты
адамның мәнерлі қозғалыстарынан
жақсы байқалады. Мәселен, адам ұял-
ғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-
сұр болып, түсі қашады.
Жан
қуаттары туралы теориясында
Фараби адамның ерік-жігер, қажыр-
қайратын жеке процесс ретінде қа-
растырмайды. Бұларды этика ғылы-
мына
орайлас пікірлерінде жол-жө-
некей сөз етеді. Жақсы қоғам, ізгі адам-
дар, олардың күшті қажыр-қайраты
мен ерік-жігері – рухани қасиеттерді
қалыптастырудың негізгі факторлары
қылық пен іс-әрекетінің саналылығы,
тоқтамға келушілік,
батырлық пен
ерлік, рухани жағынан жетілу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: